конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер әйелден 10 келі ісікті алып т...

Алматылық дәрігерлер әйелден 10 келі ісікті алып тастады

Медицина 19.05.2023, 11:55 2,188
Алматылық дәрігерлер әйелден 10 келі ісікті алып тастады
Сурет: Surgery-first.ru

56 жастағы науқас әйел орталық клиникалық ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен.


Алматыда дәрігерлер әйелден салмағы 10 келіден асатын алып ісікті алып тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жатыр ісігі жүктіліктің 40-аптасына сәйкес келді. Ісіктің көлемі ұлғайғаны соншалықты, науқастың тыныс алуы қиындаған. Ісіктің салмағы 10 келіден жоғары. Сонымен қатар, әйел тахикардия, қант диабеті, қан қысымының төмендігі және басқа да созылмалы аурулардан зардап шегіп келген.


Дәрігерлер ақылдаса келіп, ота жасау туралы шешім қабылданды.



"Бұл ота жатыр мойынын алып тастау үшін жасалды. Барлық ісіктің қалдықтары алынып тасталды. Ота екі сағатқа созылды және сәтті өтті. Қазір науқас өзін жақсы сезінеді, жағдайы тұрақты. Жақын арада шығаратын боламыз", - дейді гинеколог дәрігер Алиса Байназарова.



Науқас қазір орталық қалалық клиникалық аурухананың гинекология бөлімінде ем қабылдап жатыр.



"20 жыл бұрын ісік пайда болды, басында кішкентай болды, кейін бұл түйіршік өсе бастады. Мен жүрегімді тексертуге барсам, олар маған жатырды тексеру керектігін айтқан болатын. Бірақ ол кезде мен мән бермедім. 2021 жылы мен коронавирус инфекциясымен ауруханаға түстім. Дәрігерлер мені толық тексерістен өткізіп, УДЗ-ге түсірді. Олар шығарылғаннан кейін мамандарға хабарласу керегін ескерткен. Бірақ мен мән бермедім. Жылдар жылжып, әдеттегідей үй шаруасымен уақыт өте берді", - дейді әйел.



Гинеколог Алиса Байназарованың сөзінше, қазіргі уақытта жатыр ісігі кең тараған дертке айналған. Дәрігер әйел адамдар ауыр дертке шалдықпас үшін гинеколог мамандарына жиі көрініп тұруы керегін айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ота #ісік #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);