AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан араш...

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Алматы Бүгін 17:29 49 yakiya
Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды
Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы

Алматы қаласы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері балалар алаңындағы карусельден құлап, ауыр жарақат алған 9 жастағы баланың өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүйрегі жыртылып, ағзасынан айырылып қалу қаупі төнгеніне қарамастан, мамандар оның жағдайын тұрақтандырып, зақымданған бүйрегін сақтап қалды.

Дәрігерлердің айтуынша, бала жедел жәрдем қызметімен ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Оған бірнеше ауыр жарақат диагнозы қойылды: сол жақ бүйрегінің соғылып, жыртылуы, іш қуысының жарақаты, ішкі ағзалардың зақымдануы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, ми шайқалуы және жарақат салдарынан болған шок.

Тексеру барысында баланың ауыр ішкі жарақат алып, ішіне қан кеткені анықталды. Жағдайы өте күрделі болғандықтан, шұғыл түрде ем жүргізу қажет еді. Осыған байланысты бірнеше мәрте дәрігерлік кеңес өтіп, мамандар ота жасау жөнінде шешім қабылдады.

Алдымен балаға сол жақ несепағарына стент қойылды. Бұл ота 45 минутқа созылды. Келесі күні хирургтер бүйректегі жыртылған тұсты тігу үшін екі сағатқа созылған күрделі ота жасады. Дәрігерлердің негізгі мақсаты - баланың өмірін сақтап қалып, зақымданған ағзаны аман алып қалу болды.

Мамандар 20 күн бойы баланың өмірі үшін күресті. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмек пен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында оның жағдайы біртіндеп жақсара бастады.

Қазір бала сауығып келеді. Ал дәрігерлер ауыр жарақат салдарынан жыртылған бүйректі сақтап қалып, сирек кездесетін нәтижеге қол жеткізді. Бұл - кәсіби шеберлік пен уақтылы қабылданған шешімнің жемісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медициналық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05

«Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы

Бүгін 15:53

Суперкомпьютер орталығы

Бүгін 15:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);