AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігерлер 68 жастағы пациентке көру бақ...

Алматылық дәрігерлер 68 жастағы пациентке көру бақытын сыйлады

Медицина 11.11.2022, 05:25 2,088
Алматылық дәрігерлер 68 жастағы пациентке көру бақытын сыйлады
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

«Сол жақ көздің глаукомасы, асқынған катаракта» деген диагноз қойылған 68 жастағы зейнеткер Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана мамандарының көмегіне жүгінген.


Дәрігерлер оның көзіне күрделі ота жасап, көру қабілетін қалпына келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Хабарламаға сүйенсек, пациенттің екінші көзі мүлде көрмей қалған. Яғни, оң жақ көз IV деңгейлі глаукома, яғни зағиптық стадиясына өтіп кеткен. Бөлімше меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова бастаған мамандар әжейдің жасы, жоғарғы қан қысымы сынды қосымша сырқаттарына қарамастан күрделі ота жасау туралы шешім қабылдады.



Асқынған катарактаға ота жасалып, көзге жасанды қарашық орнатылды. Операция жарты сағатқа созылды. Бұл пациентті катарактадан арылтып, көру қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы болатын, дейді дәрігер.



«Жоғары қан қысымын, оның үстіне, аяқ жолын көруге сеп болып отырған жалғыз көзге ота жасау қажеттігін ескере отырып, алдымен науқастың денсаулығын реттеуге күш салдық, дайындадық. Мұндай күрделі операция пациент үшін ғана емес, хирург үшін де қауіпті болды. Пациенттің бақытына қарай, офтальмологтардың біліктілігінің арқасында ота сәтті өтті. Қазір пациенттің көзі жақсы көреді», - дейді маман.


«Керемет! Мен ендігі су қараңғы болып қалған шығармын деп ойлайтынмын. Бұл кереметті жасаған Гүлзат Талғатқызына алғысым шексіз! Ота жасап, маған жарық дүниені көру бақытын сыйлады. Дәрігерлердің деніне саулық, бақыт тілеймін. Алдағы уақытта да жұмыста табысты болыңыздар, ақ халатты абзал жан деген құрметке лайық болыңыздар! Осынша адамға көз жанарын «қайтарып», көруге мүмкіндік сыйлап жатқан қолдарыңыз дерт көрмесін», - деді апа.



Естеріңізге сала кетсек, Орталық қалалық клиникалық аурухана Алматының ғана емес, республика өңірлерінің халқына жоспарлы офтальмологиялық көмек көрсететін оңтүстік астанадағы жалғыз қалалық аурухана. Осы жылдың 9 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде 600-ге жуық ота жасалды. Олардың басым бөлігі осындай жоғары технологиялық күрделі оталар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігерлер #көзге операция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);