AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық дәрігерлер 22 мыңнан аса ота жасаған

Алматылық дәрігерлер 22 мыңнан аса ота жасаған

Әлеумет 06.06.2023, 10:37 1,516 Almaty-akshamy.kz. 
Алматылық дәрігерлер 22 мыңнан аса ота жасаған
Сурет: ашық дереккөз

90 жылдық тарихы бар №5 қалалық клиникалық аурухана - еліміздегі бас медициналық мекеме.



Алматыдағы №5 қалалық клиникалық ауруханасында бір жыл ішінде құлақ, мұрын, жаққа 22 мыңнан аса ота жасалыпты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Күні-түні тынбай еңбек ететін жандар ауыр жағдайдағы науқастарды да емдейді. Жан ауырып, сүйек сыздағанда ғана қадірін білетін мамандыққа құрмет пандемиядан кейін тіпті ерекше болды, деп жазады Almaty.tv.


90 жылдық тарихы бар №5 қалалық клиникалық аурухана - еліміздегі бас медициналық мекеме. Онда дәрігерлер Алматы және республика бойынша ересектер және балаларға медициналық шұғыл көмек көрсетіп, түрлі деңгейдегі ота жасайды. Аптаның жеті күні тәулік бойы тынбай жұмыс істейтін аурухананың қабылдау бөлімі күніне 800-ден аса науқас түседі. Дәрігерлер бет-жақ аймағындағы жарақатты, іріңді қабыну процестерін емдейді.



«Әр саланың өзінің қиындығы болады. Әртүрлі жағдай болады. Адамның өмірін аман алып қалу үшін біз барымызды саламыз. Ол - біздің басты парызымыз», – деді №5 қалалық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімінің бет-жақ хирургі Айдос Аймұханбетов.



25 жылдық тәжірибесі бар Наталья Глевская дәрігерлік мамандықты ерлікке балайды. Өйткені, ақ халатты абзал жан атану білімділікті, іскерлікті және мол тәжірибені талап етеді дейді. Қоғамдағы орны ерекше саналатын, үнемі ізденісте жүретін мамандық иесі жұмысын шын жақсы көретінін айтады.



«Шыны керек, дәрігер болуды бала кезден армандадым. Қазір осы ауруханада еңбек етемін. Біз Алматы қаласы бойынша "жедел жәрдеммен" жеткізілген науқастарды қабылдап, сондай-ақ жоспарлы ем де жүргіземіз. Оған қоса, Қазақстанның түкпір-түкпірінен де науқастар ем іздеп келеді. Тәулігіне 200-ден аса балаларға шұғыл көмек көрсетеміз», – деді №5 қалалық клиникалық ауруханасы балалар қабылдау бөлімінің дәрігері Наталья Глевская.



Жаңашылдыққа қашанда жанымыз құштар деген дәрігерлер Ресей, Австрия, Германия, Израиль және АҚШ клиникаларында инновациялық технологияларды меңгерген. №5 қалалық клиникалық ауруханада 130 дәрігер қызмет етеді. Олардың арасында медицина ғылымдарының докторы, "Алтын дәрігер" және "Денсаулық сақтау үздігі" атағымен марапатталған ақ халатты абзал жандар бар.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #ота #жасау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);