AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігердің әуеде көрсеткен алғашқы көмег...

Алматылық дәрігердің әуеде көрсеткен алғашқы көмегі өмірді құтқарып қалды

Медицина 12.06.2025, 14:38 925 dulatbekova
Алматылық дәрігердің әуеде көрсеткен алғашқы көмегі өмірді құтқарып қалды
Сурет: Gov.kz

Өмір үшін күрестің биікте өткен сәті

2025 жылғы 30 мамырда Алматы–Лондон бағытындағы әуе рейсінде күтпеген жағдай орын алды: жолаушылардың бірі кенеттен өзін жайсыз сезініп, жағдайы күрт нашарлай бастады. Әуеде медициналық құралдар мен көмектесетін жағдай шектеулі болғандықтан, әрбір секундтың құны арта түсті.

Сол сәтте ұшақ бортында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы, жоғары санатты дәрігер Салтанат Исағалиева да ұшып келе жатқан еді. Уақыт ұттырмай, ол науқасқа көмектесуге кірісіп, кәсіби тәжірибесі мен байсалды әрекетінің арқасында жолаушының жағдайын тұрақтандырып үлгерді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Пациентке алғашқы көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарғанша Салтанат Қайратқызы жанынан табылды: тексеру жүргізіп, нұсқаулықтар беріп, қолынан келген барлық жағдайды жасады. Жарты сағаттың ішінде әйелдің жағдайы біртіндеп тұрақтап, жолаушы үшін ұшу қауіпсіз болды. 

Салтанат Исағалиева – медицинада 25 жылдан астам еңбек өтілі бар, акушерлік бөлімшенің жетекшісі. Оның кәсіби жолында 10 мыңнан астам босандыру мен операция, жүздеген аман қалған сәби және алғысын жаудырған мыңдаған пациент бар.

Оның еңбегі лайықты бағасын алған: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы, «Мамандығына адалдығы үшін» құрмет медалі және «Авиценнаның алтын жұлдызы» төсбелгісі – соның дәлелі.

Бұл оқиға тек кәсібилік емес, нағыз дәрігерлік миссия — жанашырлық, жауапкершілік пен әрдайым көмектесуге дайын тұрудың үлгісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алматылық дәрігер #Алғашқы көмек #әуе #өмірді құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);