Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық дәрігер қант диабетінің алдын алу және е...

Алматылық дәрігер қант диабетінің алдын алу және емдеу бойынша ұсыныстар берді

Әлеумет 14.11.2024, 17:08 1,143
Алматылық дәрігер қант диабетінің алдын алу және емдеу бойынша ұсыныстар берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Республикалық коммуникациялар қызметінің брифингінде № 11 қалалық емхананың эндокринолог-дәрігері Айжамал Есиркепова қант диабетінің алдын алу және бақылау бойынша қарапайым, бірақ тиімді...

Республикалық коммуникациялар қызметінің брифингінде № 11 қалалық емхананың эндокринолог-дәрігері Айжамал Есиркепова қант диабетінің алдын алу және бақылау бойынша қарапайым, бірақ тиімді ұсыныстарымен бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Дұрыс тамақтану, тұрақты түрде  жаттығулар жасау және мерзімді медициналық тексерулерден өту  қант диабетінің даму қаупін азайтуға және жағдайды жақсартуға көмектесетін негізгі шаралар болып отыр. 

Қант диабеті – зат алмасу бұзылыстарымен байланысты аурулар тобы. Қант диабетімен ауыратын адамдар көмірсуларды дұрыс сіңіре алмайды. Оның салдарынан  оларда глюкозаның (қандағы қант) концентрациясы едәуір артады. Глюкоза - ағзадағы негізгі энергия көзі ретінде қызмет ететін қанттың бір түрі. 

Спикер қант диабеті миллиондаған адамдар кездесетін жаһандық проблемаға айналғанын атап өтті. Осылайша, бүгінде Қазақстанда 516 мыңнан астам адам осы диагнозбен өмір сүреді, оның 92,4%-ы 2 типті қант диабетіне шалдыққан. 

Қант диабетінің дамуына ықпал ететін бірқатар негізгі факторлар бар, олардың ішінде:

- иммундық жүйенің әлсіреуі;
- метаболикалық процестердің бұзылуы;
- генетикалық бейімділік;
-жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
- кортикостероидты препараттарды қолдану;
- бүйрекүсті безінің дисфункциясы;
- ұйқы безінің патологиясы;
- артық салмақ және семіздік.

Осы факторлардың әрқайсысы ағзаға әр түрлі әсер етуі мүмкін,  аурудың пайда болу қаупін де арттырады.

«Қант диабетінің алдын алу бірнеше негізгі принциптерді сақтауды талап етеді: қант пен майдың аз мөлшері бар рационалды тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік және уақтылы медициналық тексерулер», — деп бөлісті А.Есиркепова. 

Сонымен қатар, ерте сатыдағы медициналық тексерулер қант диабетін анықтап, оның дамуына және ықтимал асқынуларға жол бермейді.

Дәрігер қант диабетінің себептері туралы айтып қана қоймай, ол туралы кең таралған алып-қашпа түсініктерді жоққа шығарды. Мысалы, сондай түсініктердің бірі - тәттілерді шамадан тыс тұтыну қант диабетін тудырады деген ой. Дегенмен, дәрігер қант пен тәттілер семіздікке ықпал ететін майлы тағамдар мен алкогольге қарағанда 2 типті қант диабетін дамыту тұрғысынан қауіпті емес екенін түсіндірді. Аурудың себептері айтарлықтай күрделі және генетика, семіздік және басқа метаболикалық бұзылулар сияқты бірқатар факторларды қамтиды.

Маман тұқым қуалайтын факторды ескерудің маңыздылығына назар аударды. Жақын туыстары қант диабетімен ауыратын адамдардың денсаулығына ерекше назар аударуы және қандағы қант деңгейінің жоғарылау белгілерін бақылап жүрулері маңызды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,465 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,271 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,358 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,995 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,192 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.