ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматылық дәрігер Манту сынамасы туралы айтып берд...

Алматылық дәрігер Манту сынамасы туралы айтып берді

Медицина 07.04.2025, 11:28 832
Алматылық дәрігер Манту сынамасы туралы айтып берді
aqshamnews.kz
Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада дәрігер-фтизиатр Қаракөз Өтемұратова, СӨС кабинетінің мейірбикесі Асылажар Жанғазиева және «Баланы дамыту бөлмесінің» мейірбикесі...

Алматының №7 қалалық клиникалық ауруханасы жанындағы емханада дәрігер-фтизиатр Қаракөз Өтемұратова, СӨС кабинетінің мейірбикесі Асылажар Жанғазиева және «Баланы дамыту бөлмесінің» мейірбикесі Хәлидам Юсупова «Манту сынамасы», «БЦЖ вакцинасы» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Дәрігерлер Манту сынамасына сезіктене қарамауға шақырады. Бұл – диагностикалық сынама. 

– Манту реакциясы – бұл ағзаның арнайы затты, туберкулинді енгізуге реакциясын бағалау, яғни бұл туберкулезге қарсы иммунитетті және оның ауырлық дәрежесін бағалау әдісі. Манту реакциясы кезінде адамға туберкулезді жұқтыру мүмкін емес, туберкулезде Кох таяқшалары жоқ. Сондай-ақ, БЦЖ вакцинасы туралы да айта кетсек, балаға салынған БЦЖ екпесінен кейінгі жағымсыз реакциялар өте сирек кездеседі (0,02%). Мұндай жағдай, ең алдымен, баланың иммунитеті төмендеген кезде көрініс беруі мүмкін, – дейді №7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхананың фтизиатры Қаракөз Өтемұратова.

Жаңа туған нәрестелерге БЦЖ вакцинасын келесі жағдайларда жүргізуге тыйым салынады: бөбектің салмағы екі келіден аз немесе 33 апта толмай туған болса; нәресте жатырішілік инфекциямен туған жағдайда; анасына АИТВ инфекциясы диагнозы қойылса; иммунитет тапшылығы байқалса; орталық жүйке жүйесі зақымданса.

Осы ретте профилактикалық (алдын ала) емдеу туралы да айта кетсек. Туберкулезге шалдығу қаупі  бар адамдарға (туберкулезбен ауыратын науқастармен қатынаста болған; Манту және Диаскинтест алғаш рет оң реакция берген балалар мен жасөспірімдер) препараттар қолданылады, яғни химиялық профилактика жасалады. Бұл – қауіпті аурумен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі. Туберкулезге қарсы препарат сау адамның ағзасына түскен туберкулез микобактерияларының көбеюін тежейді және ауру дамымайды.

Иә, химиопрофилактика – бұл емдеу емес, туберкулездің дамуына қарсы қорғаныс. Алдын алу курсы МСАК медицина қызметкерлерінің бақылауымен 3 айдан 6 айға дейін созылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.