ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық бойжеткен түнгі клубтардың бірінде аса і...

Алматылық бойжеткен түнгі клубтардың бірінде аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан

Заң мен тəртіп 05.09.2022, 06:50 1,005
Алматылық бойжеткен түнгі клубтардың бірінде аса ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан
Сурет: Polisia.kz
Алматыда түнгі клубтың бармені есірткі сатқан.

Алматыда түнгі клубтың бармені есірткі сатқан.


Мефедрон жеткізу арнасы бойынша жұмыс жасау нәтижесінде Алматыдағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің бармені Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің бақылауына алынды. Әрі әзірлеме барысында оның жұмыс орны – түнгі клубтың барында мефедрон сатуды ұйымдастырғаны анықталды.


Үш күндік бақылаудан кейін жеткілікті дәлелдемелерді алған полицейлер қызды есірткі затын сату кезінде, қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды   Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ұсталған бойжеткеннің үш жыл жұмыс істеген орны – барды тінту және жеке басын қарау кезінде одан сатуға дайындалған мефедрон қаптамалары бар екі темекі қорабы тәркіленді .Тергеу амалдары ұсталған азаматшаның тұрғын үйінде жалғасын тауып, сол жерде жаңа мән-жайлар анықталды. Ұсталған бойжеткеннің көршісі оған түнгі клубтан ортақ достары телефон соғып, құрбысының ұсталғанын айтқанын айтты. Бұл хабарды алған көршісі ұсталған бойжеткен үйінде сақтап қойған есірткі заттарын жасыруды ұйғарған. Бірақ кіреберісте полиция қызметкерлерін көріп, ол мефедронды жасырған жерді және оны орау үшін қажетті құрылғыларды көрсеткен.

Көрші үйдің жанынан есірткі салынған сөмке табылды. Одан сатуға дайындалған 20 доза мефедроннан бөлек, электронды таразы мен қорғауға арналған материал табылды. Ұсталған қыз бен оның құрбысы жалға алған пәтерде тінту барысында есірткі заты салынған тағы 3 пакет тәркіленді. Барлығы 23 граммға жуық мефедрон тәркіленді. Бұл – ұсталған бойжеткеннің жақын күндері сатуды жоспарлаған 77 бір реттік доза. Есірткі заттарды аса ірі көлемде сату фактісі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Осылайша тергеу қорытындысы бойынша 21 жастағы алматылық бойжеткеннің жазасы мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.