ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық белсенді зейнеткерлер мерекелік көңіл-кү...

Алматылық белсенді зейнеткерлер мерекелік көңіл-күй сыйлады

Әлеумет 01.05.2025, 08:48 663
Алматылық белсенді зейнеткерлер мерекелік көңіл-күй сыйлады
Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев
Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Медеу аудандық бөлімшесінде Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне «Бірлік бар жерде тірлік бар» тақырыбы шеңберінде мерекелік концерт өтті.

Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Медеу аудандық бөлімшесінде Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне «Бірлік бар жерде тірлік бар» тақырыбы шеңберінде мерекелік концерт өтті.

Зейнеткерлер мәдени іс-шараға әдемі сахналық киімдерін киіп, жасанып, көтеріңкі көңіл күйде келіпті. Олар соғыс жылдарындағы патриоттық әндерді, достық, бірлік туралы туындыларды шырқады. “Киев вальсі”, “Шайхана”, “Грузин әні”, “Бозжорға”, “Алматы түні” сынды түрлі жанрдағы әндер де көпшіліктің ықыласына бөленді.

Орталықтағы би үйірмесіне қатысатын әжелер еркін қимылмен мың бұрала билеп шыққанда, таңданбасқа шараңыз қалмайды.

Айтпақшы, орталықта жиырмадан астам этностың өкілдері бар.

 

_”Бүгінде қаланың барлық ауданында Белсенді ұзақ өмір орталықтары сәтті жұмыс істеуде. Бұл жобаның мақсаты – ұзақ жылдар жұмыс істеп, еңбегінің зейнетін көретін жасқа жетіп, зейнет демалысына шыққан аға буынға қолдау көрсету, олардың өмір сүру сапасын арттыратын зияткерлік, осындай мәдени-рухани шығармашылық, қоғамдық іс-шараларға кеңінен тарту”, - дейді Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева.

Орталыққа келетін ата-әжелерге 40-тан астам қызмет түрі көрсетіледі. Дәлірек айтсақ, көбісі тіл үйреніп, компьютерлік сауаттылықты меңгеруді. Денсаулықты дәрі-дәрімексіз нығайту бойынша сабақтар да сұранысқа ие.

Негізі, егде жастағы алматылықтар арасында «Айкуне» ұлттық жаттығулары, кескіндеме курстары, хор, қолөнер және агротерапия ерекше танымал.

Бүгінгі мерекеде қолөнерден шеберлік сабағы өтті. 

”Мен бұл орталықта қолөнерден сабақ беремін. Үйірмеге 25 зейнеткер қатысып жүр. Олар ши тоқиды, ою ояды, жүн түтіп, ұршық иіріп, текемет басады, жүннен, акрил жіптерден түрлі бейнелер, моншақтардан кәдесыйлар, әшекей бұйымдар жасайды. Көбісі қолөнерге осы орталыққа келгенде қызыға бастағанын айтады. Біз үлкен кісілердің әр күнінің мағыналы өткенін қалаймыз. Міне, өздеріңіз де куәсіздер, ән салып, би билеген ата-әжелер құдды жасарып кеткендей, көңілдері көктем. Аға буын қандай құрметке де лайықты, - дейді Айжан Анипина

Мерекелік кешті зейнеткерлерден құралған “Сандуғаш” тобы “Бейбітшілік сақталады” әнімен түйіндеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,300 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.