AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық балалар жедел басқару орталығына барды

Алматылық балалар жедел басқару орталығына барды

Заң мен тəртіп 04.06.2025, 17:38 900
Алматылық балалар жедел басқару орталығына барды
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан полициясының құрылғанына 33 жыл толуына арналған имидждік және идеологиялық айлық аясында Алматы қаласы полиция департаментінде балаларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Алматылық 25 бала құқық қорғау саласына қызықты саяхат жасап, ПД-ның жедел басқару орталығына барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұнда оларға тәулік бойы азаматтардан қоңыраулар қалай қабылданатыны, полиция жасақтарының жедел әрекет етуі және заманауи технологиялардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі көрсетілді. Содан кейін балалар департамент мұражайына барып, алматылық полицияның көпжылдық тарихымен, ерлік жолымен, ұрпақтар сабақтастығымен және полиция қызметінің қоғам өміріндегі маңыздылығымен танысты. 

- Мұндай шаралар балалар үшін жай ғана экскурсия емес. Бұл – Заңға, мемлекетке және қоғамдық тәртіпті күзетіп жүрген адамдарға деген құрметті тәрбиелеудің маңызды бөлігі. Біз өсіп келе жатқан ұрпақ полиция туралы жай ғана білмей, оны қорғаушы ретінде сезініп, сеніп, құрметтей білгенін қалаймыз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

 Алматы қалалық полиция департаменті ІІМ жариялаған профилактика жылы аясында мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге арналған ашық іс-шараларды өткізуді жалғастырады


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #жедел басқару орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);