AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қ...

Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Құрылтай 05.08.2026, 13:22 352
Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
Суретті ұйымдастырушылар ұсынған

Ардагерлердің азаматтық белсенділігі ерекше маңызға ие, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда қалалық Ардагерлер кеңесі Президиумының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Президиум мүшелері, аудандық Ардагерлер кеңестерінің төрағалары және қалалық ардагерлер ұйымдарының белсенді өкілдері қатысып, алдағы Құрылтай сайлауына ардагерлердің қатысуын ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов баяндама жасап, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Ол қалалық және аудандық Ардагерлер кеңестерінің алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттарын айқындады.

«Ардагерлер - қоғамдағы бірлік пен сабақтастықтың, елдік құндылықтар мен өмірлік тәжірибенің алтын көпірі. Олар жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосып келеді. Сондықтан алдағы Құрылтай сайлауында ардагерлердің азаматтық белсенділігі ерекше маңызға ие. Біз әрбір ардагерді және қала тұрғындарын сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Бұл - еліміздің болашағына деген жауапкершілігімізді көрсететін маңызды қадам», - деді Бижанов.

Жарыссөз барысында аудандық Ардагерлер кеңестерінің төрағалары мен өзге де қатысушылар пікірлерін білдірді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ардагерлер мен тұрғындардың алдағы сайлауға белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің штабы құрылды.

Отырыс қорытындысында Алматы қалалық және аудандық Ардагерлер кеңестерінің алдағы міндеттері мен жұмыс бағыттарын айқындайтын тиісті шешімдер қабылданды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ардагерлер #Алматы ардагерлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);