Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды ж...

Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретуде

Әлеумет 09.09.2024, 09:05 1,633
Алматылық альпинистер құтқарушыларды экстремалды жағдайларда жұмыс істеуге үйретуде
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

2024 жылдың 5 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында «Тұйық-Су» альпинистік лагерінде Республикалық жедел-құтқару отрядының құтқарушыларына «Бастапқы дайындық» бағдарламасы бойынша оқыту жұмыстары өтеді. Оқыту Алматы қаласының альпинизм федерациясының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізіліп жатыр. Жобаны ұйымдастырушы – Алматы қаласының туризм басқармасы.

Оқу бағдарламасы құтқару операцияларының негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге, сондай-ақ төтенше жағдайларда ұйымдастыру және басқару дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық сабақтардан тұрады.

Теориялық дайындық барысында құтқарушылар құтқару операцияларын жоспарлаудың негізгі аспектілерін, тәуекелдерді бағалауды, арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдануды және таулы жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету техникасын үйренбек. Құтқару топтары арасындағы өзара байланысқа және іс-қимылдарды үйлесімді жоспарлау мәселелеріне айрықша назар аударылады.

Практикалық дайындық нақты таулы рельеф жағдайында 1-2 күрделілік деңгейіндегі Іле Алатауының классификацияланған альпинистік маршруттарында 3-разряд нормативін орындау арқылы өтеді. Бұл құтқарушыларға қол жетімсіз және экстремалды жағдайларда жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Жаттығулар беткейлерге көтерілу және түсу, зардап шеккендерді эвакуациялау, арқан және басқа да арнайы альпинистік құрал-жабдықтарды қолдану арқылы құтқару операцияларын жүргізуге бағытталған.

«Бастапқы дайындық» бағдарламасы бойынша құтқарушыларды дайындау - Алматы таулы аймақтарында туристердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқыту нәтижесінде құтқарушылар кез келген төтенше жағдайларға жедел жауап беріп, мегаполис қонақтары мен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұйық-Су #Бастапқы дайындық #туризм
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.