Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматылық 75 оқушы таулы жерде сынақтан өтті

Алматылық 75 оқушы таулы жерде сынақтан өтті

Әлеумет 27.07.2024, 13:20 1,055
Алматылық 75 оқушы таулы жерде сынақтан өтті
Сурет: Gov.kz

Таудағы «Жас сарбаз» лагерінде әскери-патриоттық клубтардың 75 тәрбиеленушісі тау туризмі мен альпинизм дағдыларын игеру мақсатымен оқудан өтті.

«Жас сарбаз» лагері Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі және Алматы облысының Шекара қызметі департаменттерінің бастамасымен құрылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Балалар Үлкен Алматы (3 680 метр), Турист (3 890 метр) және Сәтпаев шыңдарына (бұрынғы Кеңес шыңы) (4 317 метр) көтеріліп, еліміздің көк туын желбіретті. Сонымен бірге олар мемлекеттік шекараның периметрі бойынша жүріп өтіп, Үлкен Алматы көлі шатқалы мен Проходное шатқалына жорық жасады. Осылайша, Іле-Алатауы ұлттық паркінің географиясымен танысқан балалар қорықтың сұлулығына тәнті болды.

 – Лагерлік жиынға қатысушылар Фесенков атындағы обсерваторияға барып, ғарыштық байланыс торабының жұмысымен де танысты. Сонымен бірге балалар «Алма-Арасан» шекара заставасына экскурсия жасап, Шекара қызметі академиясының шатырлы лагерінде болды. Курсанттар кішкентай қонақтарға концерт ұйымдастырып, мерекелік дастархан жайды, – деді жасарбазшылардың жетекшісі Бақытжан Перімбетов.

Тренингтер мен басқа да іс-шараларды өткізуге Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен «Живая Вселенная» жекеменшік мектебі көмектесті. Ал ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша Шекара қызметі департаменті, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы, № 95 жалпы білім беретін мектебі жиынның негізгі ұйымдастырушылары болды. Одан бөлек Астана, Қарағанды, Тараз қалаларынан да балалар мен ата-аналар комитетінің өкілдері келді.

Алдағы уақытта лагерь тағы 100-ден астам баланы қабылдап, 15 тамызда маусымды аяқтауды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таудағы лагерь #балалар #сынақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.