ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыға саф ауа: экологиялық ахуалды жақсартуға б...

Алматыға саф ауа: экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа іс-шаралар

Алматы 28.10.2025, 11:08 341
Алматыға саф ауа: экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа іс-шаралар
Алматы әкімдігі
Алматыда таза да жайлы өмір сүруге қолайлы қала кеңістігін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Сол игі бастамалардың бірі атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер...

Алматыда таза да жайлы өмір сүруге қолайлы қала кеңістігін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Сол игі бастамалардың бірі атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер жобасын әзірлеу, яғни «Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы» құжат. Құжат биыл тамыз айында қоғамдық талқылаудан өтті.
 
Жобаның басты мақсаты – мегаполистегі ауаның ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету. «Ренессанс плюс» компаниясының дерегінше, зиянды шығарындылардың шамамен 60 пайызы автокөліктен шығады. Қалған бөлігі жеке тұрғын үйлер өнеркәсіп орындары, монша мен кәуапхана, қоғамдық тамақтану нысаны мен құрылыс алаңдары сынды стационарлық ластану көздерінің қызметімен байланысты. 

Бұл ережелер жобасы қаланың болашақ экологиялық саясатының берік іргетасы. Оның негізінде зиянды шығарындыны азайтуға, ауа сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар мен тетіктер кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Ұсынылған шаралардың арасында өндіріс ошақтарын жаңғырту, экологиялық таза отын түрлеріне көшу секілді маңызды бағыттар бар.

Ережелер жобасын қабылдау мен жүзеге асыру қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, алматылықтардың өмір сүруге барынша қолайлы жағдай туғызуға жол ашады. 

Сонымен қатар, қала тұрғындары ауа сапасы ең алдымен көлік саны мен әр азаматтың табиғатқа деген көзқарасына байланысты екенін айтады. «Таза ауа аймағы» жобасы аясында жүргізілген сауалнама барысында кейбір тұрғындар таза ауамен тыныстау үшін тауға шығуға мәжбүр екенін жеткізген. Олардың пікірінше, экологиялық ахуалды жақсарту бірлескен күш-жігердің нәтижесінде ғана жүзеге асатын ортақ іс. Себебі, бұл әлемдік мәселе.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.