ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыға қосылған шағынаудандар тұрғындары сапалы...

Алматыға қосылған шағынаудандар тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Өмір-өзен 21.07.2021, 17:47 1,890
Алматыға қосылған шағынаудандар тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Сурет: Nastroy.net
Басты проблема – сумен қамту көздерінің тапшылығы.

Басты проблема – сумен қамту көздерінің тапшылығы.


Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы онлайн-презентация кезінде Түрксіб, Медеу және Бостандық аудандарының жаңа шағынаудандарындағы инженерлік коммуникациялар құрылыстарының қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Түрксіб ауданында 245,6 мың адам тұрады. Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы 772 км құрайды, оның ішінде сумен жабдықтау желілері - 534,9 км, кәріз желісі - 237 км. Биылғы жылы үш шағынауданның 12 мың тұрғыны (2814 үй) - Әлмерек, Қайрат, Нұршашқан - жаңа сумен қамту желілеріне қосылады. 


Медеу ауданында 220,6 мың адамды тұрады. Ауданда 841,7 км сумен жабдықтау және су бұру желілері бар, оның ішінде сумен жабдықтау желілері - 616,3 км, кәріз желілері - 225,4 км. Аудан тұрғындарының 98,3% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 


Биылғы жылы Думан, Көлсай шағын аудандарының 5 мың тұрғыны (1448 үй) сумен жабдықтаудың жаңа желілеріне қосылады. 2022-2023 жылдары Көлсай және Тасты қырат шағын аудандарының тағы 5,5 мың тұрғыны (1429 үй) желіге қосылады. 


Биылғы жылы Думан және Көлсай шағынаудандарының 6,2 мың тұрғындарын (1698 үй) судан бұрудың жаңа желілеріне қосу жоспарланған. 2022-2023 жылдары Тасты қырат шағынауданының тағы 4,3 мың тұрғыны (1 179 үй) судан бұру желісіне қосылады. 


Бостандық ауданында 360 мың адам тұрады, оның ішінде 347,6 мың тұрғын немесе 96,6% орталықтандырылған сумен жабдықталған. Қалаға қосылған шағын аудандардағы басты проблема – сумен қамту көздерінің тапшылығы. 


Қазіргі кезде тәуліктік сыйымдылығы 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су жинайтын нысанның жобасы сараптамадан өтуде. Бұл жоба Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағын аудандарының 22 мың тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін болады. Нұрлытау, Хан тәңірі шағынаудандары мен Дулати көшесінің бойына ұзындығы 97 км болатын инженерлік желілерді салу жобасы жасалуда.


Тікелей эфирді мына жерден көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.