AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыға қош келдіңіз!

Алматыға қош келдіңіз!

Әлеумет 01.06.2024, 11:59 909 Bakyt
Алматыға қош келдіңіз!
Алматы қаласы әкімдігі

Алматы халықаралық әуежайы жаңа халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы жолаушыларын қарсы алды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы халықаралық әуежайы жаңа Халықаралық жолаушылар терминалында алғашқы жолаушыларын қарсы алды. Бұл маңызды оқиға 2024 жылдың 1 маусымында орын алды, алғашқы рейс ретінде Air Astana әуекомпаниясының KC664 Лондон-Алматы бағытымен келген ұшақ сағат 08:40-та 94 жолаушымен қонды.

Жаңа терминалдан алғашқы ұшып кеткен рейс те Air Astana әуекомпаниясына тиесілі болды. KC653 Алматы-Доха бағытындағы рейс сағат 09:30-да 166 жолаушымен ұшып шықты. Жолаушыларды Алматы халықаралық әуежайының басшылығы, Алматы қаласының әкімдігі және Air Astana әуе компаниясының басшылығы қарсы алды.

Алматы халықаралық әуежайының президенті Альп Ер Тунга Ерсой: 

«Біздің саяхатымыз 2 жыл бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысының басталуына орай капсула салуынан басталды. Бүгін, 2024 жылдың 1 маусымында, біз уәде еткендей, алғашқы рейстерді жаңа терминалда қарсы алудамыз. Бүгінгі күннің кестесі бойынша жаңа терминалда 5 рейс ұшып келіп, 4 рейс ұшып кетеді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз барлық халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жаңа терминалға көшіреміз. Халықаралық рейстерді толығымен ауыстыру маусым айының бірінші онкүндігінде жүзеге асырылады», - деп мәлімдеді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров: 

«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын жаңа халықаралық жолаушылар терминалының ресми ашылуымен құттықтаймын. Енді әуежай жылына 14 миллион жолаушыны қабылдай алады, бұл бұрынғы көрсеткіштен екі есе көп. Биылғы жылы біз жолаушылар ағынының 11 миллион адамға дейін ұлғаюын күтудеміз. Алматының 41 тікелей әуе қатынасы мен әлемнің 82 елімен визасыз режимі бар екенін ескере отырып, жаңа халықаралық жолаушылар терминалының ашылуы әуежай тарихындағы жаңа кезеңді белгілейтініне сенімдімін», - деп атап өтті.

Осы атаулы күні Алматы халықаралық әуежайы алғашқы жолаушыларын тәттілермен және естелік сыйлықтармен қарсы алды. Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылдың жазының соңына жоспарланған болатын, бірақ жолаушылар ағынының қарқынды өсуіне байланысты жұмыс жеделдетіліп, терминал алғашқы рейстерді 1 маусымнан қабылдай бастады.

Барлық халықаралық рейстер толығымен жаңа терминалға ауыстырылғаннан кейін, қолданыстағы терминал халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылып, ішкі рейстер үшін пайдаланылады.

Алматы әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминалына қош келдіңіз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы халықаралық әуежайы #жолаушылар #терминал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);