AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыға Орал театры келе жатыр

Алматыға Орал театры келе жатыр

Мәдениет 03.10.2025, 14:57 1,000
Алматыға Орал театры келе жатыр
сурет: Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры

Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Алматы қаласына гастрольдік сапармен келе жатыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 
 
Тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған театрлардың бірі — Батыс Қазақстан облысындағы Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры. Хадиша театры ұлттық сахна өнерінің ұлы көшбасшылары салған жолдағы ұлағатты да дәстүрлі үрдіс құндылықтарды сақтай отырып, шығармашылық жаңа белестерге жету жолында, ізденіс қарымын жан-жақты шыңдап келеді. Мемлекеттің рухани-мәдени кеңістігінде аянбай еңбек етіп жүрген өнердің қара шаңырағы.
Аталмыш ұжым 2025 жылдың 7, 8, 9, 10 қазан күндері Алматы қаласында гастрольдік сапарда болады. Өнерсүйер қауымға театр репертуарындағы таңдаулы классикалық, әлемдік және заманауи драматургиядан үздік қойылымдарын және кішкентай көрермендерге арналған ертегілерін ұсынады. ​Сонымен қатар биылғы жылы рухты ақын Жұбан  Молдағалиевтің 105 жылдығы мен Нұрғиса Тілендиевті 100 жылдығы аясында тұлғалардың асыл мұрасын насихаттап, жас буынға елдік рух пен мәдени құндылықты жеткізу мақсатында қойылған спектакльдер де бар. 
Әр қойылым – сахнадағы шынайы сезім, актерлік шеберлік пен көркемдік ізденістің тоғысы.
Гастрольдік сапар – өнер арқылы өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту, қазақ театр өнерін кеңінен дәріптеп одан әрі дамытуға үлес қосатын игі қадам болмақ.


 
ГАСТРОЛЬДІК ҚОЙЫЛЫМДАР КЕСТЕСІ:

7, 9, қазан 11.00 - А.Аламан «ЖАЛҚАУДЫҢ ЖЫРЫ» ертегі

8, 10 қазан 11.00 –О.Әубәкіров «МЕН ЧЕМПИОН БОЛАМЫН» ертегі

7 қазан 18.30 – А.Бақтыгереева, М.Омарова «ЖҰБАН» поэтикалық драма

8 қазан 18.30 – А.Володин  «СЕНІ САҒЫНДЫМ» психологиялық драма

9 қазан 18.30 – Н.Сауданбекұлы «МҰҚАҒАЛИ-НҰРҒИСА» драма

10 қазан 18.30 — Н.В.Гоголь «РЕВИЗОР» комедия

ӨТЕТІН ОРНЫ: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 38

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);