AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыға алғашқы қар жауды: тазалық жұмыстары қарқ...

Алматыға алғашқы қар жауды: тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Барлығы 05.11.2025, 14:40 705
Алматыға алғашқы қар жауды: тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр
Қайрат Қоныспаев

Қар кешкі сағат 20:00-ден бастап жауа бастады. Қар қалыңдығы қалада шамамен 1 см, таулы аймақта 10 см-ге дейін.

Синоптиктер қардың жауатынын күні бұрын болжап, қаланың коммуналдық қызметі тазалық жұмыстарына күні бұрын құрал-саймандарын сайлап қойды. Қала тұрғындарына күннің күрт суытатыны, қарды уақытылы күреу үшін жүргізушілерден көлікті жол жиегіне қоймау ескертілді.

Қар түспей тұрып, 204 құм-тұз шашқыш техника магистральдарды алдын ала сұйық реагенттермен өңдеді. Көктайғаққа қарсы материал себіліп, аялдамалар, жаяу өткелдер мен көпірлер тазартылып жатыр.

Шәкіртжан Қуатжан "Алматы Тазалық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 4 жылдан бері еңбек етеді. Аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолын тазалау – оның күнделікті жұмысы. Түнімен тоқтамайтын коммуналдық қызмет жұмысының бәрі халықтың игілігі үшін дейді ол.


"Таңғы 8-ден бері қар тазалығын жасап жатырмыз. Бәрі халықтың қамы үшін. Жұмысым өзіме ұнайды", - дейді жұмысшы.

Қала көшелерінде 918 арнайы техника және 2550 жол жұмысшысы қызмет атқаруда. Толассыз жауған қарды арнайы техника жол жиектерінен барынша жылдам тазалап әкетіп жатыр. Жол жұмысшыларының жасап жатқан жұмыстарының бәрі көлік иелері мен жаяу жүргіншілердің  жайлылығы үшін.

Суретте көлікпен қаланы тазартып жүрген жұмысшы Нұрсұлтан Қалық

Негізгі магистральдер, көпірлер, жол айрықтары, еңістер мен көтерілістер, тротуарлар және аялдама аймақтары көктайғаққа қарсы материалдармен өңделіп жатыр. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);