«Алматыэлектротранс» ұжымы азаматтық белсенділік танытып, қоғам үшін маңызды оқиғаға жауапкершілікпен қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін «Алматыэлектротранс» компаниясының 4 500-ден астам қызметкері Құрылтай сайлауында дауыс берді. Таңғы сағат 7:00-ден бастап жүргізушілер, орталық басқарма қызметкерлері, жөндеу және техникалық бөлімшелердің мамандары, сондай-ақ кәсіпорынның өзге де қызметкерлері азаматтық таңдау жасады.
Алматыдағы қоғамдық көліктің күнделікті жұмысын қамтамасыз ететін кәсіпорынның түрлі бөлімше қызметкерлері дауыс берді.