ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдан – Семейге: Қазақстан өңірлерінде жаңа фо...

Алматыдан – Семейге: Қазақстан өңірлерінде жаңа форматтағы экологиялық орталықтар ашылады

Әлеумет 12.05.2025, 18:26 666
Алматыдан – Семейге: Қазақстан өңірлерінде жаңа форматтағы экологиялық орталықтар ашылады
Сурет видео скрині
Қазақстандағы алғашқы Эко-Хабтың Алматыда сәтті жүзеге асырылған тәжірибесі өңірлерде де тарала бастады. Семей қаласында алғашқы өңірлік экологиялық ағарту, қалдықтарды сұрыптау және апсайклинг...

Қазақстандағы алғашқы Эко-Хабтың Алматыда сәтті жүзеге асырылған тәжірибесі өңірлерде де тарала бастады. Семей қаласында алғашқы өңірлік экологиялық ағарту, қалдықтарды сұрыптау және апсайклинг орталығы ашылады. Бұл жоба Алматыдағы Эко-Хаб үлгісінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жоба EA Charity бастамасымен және экобелсенді Евгений Мухамеджановтың қолдауымен іске асады. Ол ECO Network экологиялық платформасының негізін қалаушы және жобаны Семей қаласы мен Абай облысы әкімдіктері қолдап отыр. Абай облысындағы жаңа хаб экологиялық ағарту, қалдықтарды сұрыптау, шеберлік сабақтарын өткізу және жергілікті қоғамдастықты тұрақты экологиялық тәжірибелерге тарту алаңына айналмақ.

«Алматыда алғашқы Эко-Хабтың құрылуы қалалық экологиялық инфрақұрылымды дамытудың маңызды қадамы болды. Біздің тәжірибеміз өңірлерді шабыттандырып, осындай бастамалардың бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз. Бұл тұрақты даму мен экологиялық білім беру мегаполистермен қатар, Қазақстанның барлық мәдени өңірлері үшін де басымдыққа айналып жатқанын көрсетеді. 2024 жылғы 31 мамырда біздің компанияның жобалары, соның ішінде Эко-Хаб, Мемлекет басшысына таныстырылып, жоғары баға алды», – деді Алматы Эко-Хабының негізін қалаушы Евгений Мухамеджанов.

Алматыдағы Эко-Хаб 2024 жылдың 5 маусымында Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен ашылған болатын. Бір жылға жетпейтін уақытта орталыққа 10 000-нан астам тұрғын келіп, күніне 20-дан 100-ге дейін адам сұрыпталған қалдықтарын әкеліп, экологиялық білім беру шараларына қатысуда. Орталық мектептер мен балабақшалар үшін шамамен 50 шеберлік сабағын өткізді. Сабақтардан кейін балалар үйлерінде қалдықтарды бөлек жинауды енгізіп, ата-аналарын да осы бастамаға тартуда.

Семейдегі Эко-Хаб жылына 15-25 мың адамды қабылдауға бағытталған және 80-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында мектеп оқушыларына арналған білім беру экскурсиялары мен аймақтағы бизнесті және мемлекеттік органдарды экологиялық бастамаларға тарту шаралары бар. Жобаға EA Group холдингінің корпоративтік қайырымдылық қоры – EA Charity қаржылай қолдау көрсетіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.