Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдан Алакөлге «Тальго» пойызы жолға шықты

Алматыдан Алакөлге «Тальго» пойызы жолға шықты

Әлеумет 16.06.2023, 06:50 1,052
Алматыдан Алакөлге «Тальго» пойызы жолға шықты
Сурет: ашық дереккөз

15 маусымда елордадан Алакөл курортты аймағына «Астана-Достық» №257/258 бағдары бойынша алғашқы пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қазақстан темір жолы компаниясынан мәлім еткендей, пойыз аптасына екі рет: астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын қатынайды. Пойызға 346 жолаушы сияды.


Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы – 1399 км. Пойыз жолда 21 сағат 45 минут жүреді. «Тальго» пойызы – Алакөлге жетудің оңтайлы жолы. Вагондар ауа желдеткіш, биодәретхана, розеткамен жабдықталған. Жолаушылар үшін vputi.kz мультимедиялық ойын-сауық порталы қолжетімді. Пойызда ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін «гранд» санатындағы вагондар, вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Билет құны вагон санатына қарай 17 мың теңгеден басталады.


Ал Алматыдан Алакөлге дейін «Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушылар пойызы қатынайды:


- №211/212 «Алматы-Достық» (346 жолаушы орны бар) күнара: Алматыдан – жұп күндері, Достықтан – тақ күндері;


- №253/254 «Алматы-Достық» (276 жолаушы орны бар) күнара: Алматыдан – тақ күндері, Достықтан – жұп күндері.


Алматы мен Достықтың арасы 846 км жол, жолға кететін уақыт – 17 сағат 35 минут. Билет құны 11 мың теңгеден басталады.


«Тальго» пойыздарының арнайы орындарына ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін билетке 70% жеңілдік қарастырылған. Билеттерді кассадан немесе https://bilet.railways.kz сайты арқылы комиссиясыз сатып алуға болады.


Сонымен қатар Алакөл бағытында жазғы мезгілде 8 бағдар бойынша жолаушылар пойыздары қатынайды:


- №53/54 «Астана-Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ );


- №122/6941/6942/121 «Астана-Достық» пойызы(жеке тасымалдаушы «АрайТрансКЗ» ЖШС);


- №221/222 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);


- №22/6941/6942/21 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);


- №337/338 «Алматы – Достық» пойызы (жеке тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» АҚ;


- №457/458 «Семей – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);


- №459/460 «Өскемен – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);


- №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» қала маңы пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ)

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алакөл #пойыз #Тальго
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.