ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Алматыдағы ықшамаудандардың бірінде синтетикалық е...

Алматыдағы ықшамаудандардың бірінде синтетикалық есірткі шығаратын цех жұмыс істеп келген

Оқиға 01.04.2022, 11:27 1,556
Алматыдағы ықшамаудандардың бірінде синтетикалық есірткі шығаратын цех жұмыс істеп келген
Сурет: Polisia.kz
Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың ірі көлемі тәркіленді

Алматыда синтетикалық есірткіні өндіруге арналған шикізаттың ірі көлемі тәркіленді


Синтетикалық есірткілер шығаратын цех Қалқаман ықшамауданындағы жеке үйдің жертөлесінде жұмыс істеген. Белгілі болғандай, үй өткен жылдың қазан айында жас жігітке ай сайын 300 мың теңгеге жалға берілген.



«Рұқсат етілген тінту кезінде ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластик ыдыстар, сұйықтықтары бар колбалар, электронды таразылар және мефедрон синтетикалық психотроптық затын өндіру кезінде қылмыскерлер пайдаланған басқа да заттар тәркіленді. Есірткі шығаруға жауапты – 23 жастағы О.есімді азамат. Аяқталмаған медициналық білімі бар жас жігіт, есірткі өндірісін жолға қойған. Жалпы, есірткі зертханасынан бірнеше келі кептірілген заттар тәркіленді. Олардың түсі әртүрлі: ақ, қара, жасыл, қоңыр. Бір қаптама қоңыр түсті “шөптің” салмағы шамамен 160 грамм, ағынан – 500. Бұл дайын өнім және оны дозаға бөліп, орау керек болды. Жертөледен табылғанның бәрі: сұйық, кристалды және ұнтақ күйінде сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.



Полиция қызметкерлері жедел түрде есірткі бизнесіне тағы бес адамның қатыстылығын анықтады, олардың екеуі 23 және 19 жастағы қыздар. Олар – Түркістан және Алматы облыстарынан келгендер. Олардың міндеттеріне дайын есірткілерге бетбелгі қою кірді. Күдіктілер қамауға алынды.



«Қылмысты ұйымдастырушының айтуынша, ол Telegram-дағы куратордың нұсқауы бойынша әрекет еткен. Зертханаға арналған құрамдас бөліктерді Алматы облысы Талғар ауданы аумағындағы “бетбелгілер” арқылы алған. Бір апта ішінде ол 2-3 келіге жуық синтетикалық есірткі жасаған, жұмысы үшін биткоинмен апта сайын 280 мың теңге көлемінде қаражат алып отырған. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар - жалпы салмағы 4 келіден асатын “А-PVP” синтетикалық есірткі заты, 312 грамм мефедрон және 15 литр тулуол (прекурсор). Шикізат бағасы 150 млн теңгені құрайды», – деді Әбілбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.