AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне күзгі ша...

Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді

Әлеумет 25.11.2025, 16:33 668
Алматыдағы Ұлттық ұланның әскери бөліміне күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді
сурет: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөліміне күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздары келді.

Алғашқы лек Қарағанды және Ақтөбе қалаларынан жеткізілді. Жас толықтыруларды әскери бөлімнің жеке құрамы салтанатты түрде қарсы алды.

Бөлім командирі полковник Мақсат Баймағұлов сарбаздармен арнайы жүздесіп, құттықтау сөзін айтты.

"Бүгін сіздер Ұлттық ұлан сапына қосылып, абыройлы әрі жауапты қызмет жолына қадам бастыңыздар. Әскери тәртіпті қатаң сақтап, Отанға адал қызмет етесіздер деп сенемін. Бөліміміз әрбір сарбаздың шыңдалып, нағыз жауынгер болып қалыптасуына барлық жағдай жасайды", - деді бөлім командирі.

Келген жас сарбаздар үшін алғашқы түсіндірме сабақтары ұйымдастырылып, әскери форма жиынтығы берілді. Енді олар Жас сарбаздарды оқыту пунктінде бастапқы жауынгерлік дайындықтан өтеді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген соң, әскери ант қабылдайды.

Ант қабылдағаннан кейін сарбаздар Алматы қаласының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін орындайтын бөліністерге бөлінетін болады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоғам #әскер #Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);