AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы түзеу мекемесінің жасөспірімдері танымд...

Алматыдағы түзеу мекемесінің жасөспірімдері танымдық кеште белсенділік танытты

Барлығы 19.02.2026, 14:20 581
Алматыдағы түзеу мекемесінің жасөспірімдері танымдық кеште белсенділік танытты

Алматыдағы түзеу мекемесінің жасөспірімдері танымдық кеште белсенділік тантты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер үшін жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерекесіне арналған әдеби-танымдық кеш өтті.

Іс-шараға Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Айбын Ахмадиев пен Санжар Сейсембаев мұрындық болды.

«Әдеби-кештің мақсаты – ақынның өлеңдерін насихаттап, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлтжанды, кішіпейіл болуға шақыру. Бізді түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің келер күндерден үміт үзбей, кітап оқып, жақсылыққа, түзелуге ұмтылып жүргені қуантады. Олар Жамбыл бабамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Сол арқылы олардың шығармашылық қабілетінінің дамып келе жатқаны байқалады. Біз ұйымдастырған викториналық сауалдарға да қызығушылық танытып, белсене қатысты», – дейді Айбын Ахмадиев.

Кеш барысында жастар «Жыр алыбы – Жамбыл» деген тақырыпқа топтастырылған кітап көрмесін тамашалады. Белсенділік танытқан балаларға «Мақтау қағазы» табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#түзеу мекемесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);