Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы төрт кәсіпкер борышкерлер тізімінен шығ...

Алматыдағы төрт кәсіпкер борышкерлер тізімінен шығарылды

Әлеумет 20.07.2022, 04:52 1,028
Алматыдағы төрт кәсіпкер борышкерлер тізімінен шығарылды
Сурет: Akchabar.kg
Қаладағы прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Қаладағы прокурорлар кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді. 


Прокурордың талап арызы бойынша төрт кәсіпкер борышкерлер тізімінен шығарылып, шағын және орта бизнеске берілген құқықтарын еркін жүзеге асыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  


Алматы қаласының прокуратурасы оңалту сатысында тұрған кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.


Нәтижесінде Алматы қаласының сот орындаушылары оңалту жоспарын бекіткен төрт кәсіпкерге қатысты атқарушылық өндірісті тоқтату шаралары қабылданбағаны және олар борышкерлер тізімінен шығарылмағаны анықталды.



«Бұл кәсіпкерлердің өз қызметін толық жүзеге асыруына, мемлекеттік сатып алуларға қатысуына кері әсерін тигізеді. Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының ұсынуымен Алматы қаласының Әділет департаменті тарапынан атқарушылық іс жүргізуді тоқтату шаралары қабылданып, кәсіпкерлер борышкерлер тізілімінен шығарылды. Бұл шаралар кәсіпкерлік субъектілерінің берілген құқықтарын еркін жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ведомстводан.



Сонымен қатар, прокуратура «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін барлық шектеулер және борышкердің мүлкіне салынған ауыртпалықтар (борышкердің шоттарына өндіріп алу, мүлікке тыйым салу және т.б.) оларды салған органдардың тиісті шешімдерінсіз жойылатынын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,454 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,266 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,344 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,989 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,187 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.