ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған Аш...

Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған Ашық есік күндері басталды

Әлеумет 01.06.2022, 06:00 2,153
Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған Ашық есік күндері басталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысып жатыр.

Жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысып жатыр.


Оңтүстік астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларға күлкі сыйла» деп аталатын шара басталды. Маусымның 16-на дейін жалғасатын акция барысында 18 жасқа дейінгі балалар стоматологиялық қызметтерді тегін пайдалана алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мұрындық болуымен қолға алынған акцияға Қор базасындағы жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысып жатыр.



«Бұл балаларға демалыс кезінде тістерін емдетіп алуға мүмкіндік беретін тамаша акция. Шара тістің шіруіне жол бермей, уақтылы емдеу мәселесіне балалар мен ата-аналардың назарын аудару мақсатында өткізіліп отыр», - дейді «Алматы қаласының балалар стоматологиялық клиникасы» ЖШС директоры Төретай Рузуддинов.




Ашық есік күндерінің кестесі:



  • «Алматы қ. балалар стоматологиялық клиникасы» ЖШС – 1 маусым

  • «BayanSulu Clinic» ЖШС – 2 маусым

  • «Таугүл-дент» ЖШС – 3 маусым

  • «VITA DENTAL CLINIC («Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» ЖШС) – 4 маусым

  • «Dr.Bibi Clinic» ЖШС – 6 маусым

  • «Алматы қ. орталық стоматологиялық емханасы» ЖШС – 7 маусым

  • «Әлеуметтік балалар стоматологиясы» ЖШС – 8 маусым

  • «Khan Stom» ЖШС – 10 маусым


МСҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, бұл клиникалар балаларға сақтандыру есебінен жоспарлы стоматологиялық көмек түрлерін де көрсетеді.



«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу, т.б. қызметтер кіреді», - деп атап өтті Жанар Кенжебаева.




Естеріңізге сала кетсек, «Балаларға күлкі сыйла» шарасы барысында кішкентай пациенттерге МӘМС пакетіне кірмейтін ортондонттық кеңес көрсетілмек. Жақ пен тіс құрылымындағы ақауларды арнайы құрылғылардың көмегімен түзеткісі келетіндер ортодонт маманның консультациясында болып, тегін кеңес ала алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,336 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.