AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жан...

Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жандарға кешенді қолдау және жұмысқа орналасуға жол

Алматы 09.04.2026, 09:59 241 Сұлу
Алматыдағы «Ten Qogam»: ерекше қажеттілігі бар жандарға кешенді қолдау және жұмысқа орналасуға жол
Алматы әкімдігі

Алматыда 2020 жылы мамырдан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істеп келеді. Орталықтың негізгі қызметі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға білім алу, әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамту бағытында кешенді көмек көрсету, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаның негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға кәсіби біліктілік алуға, қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ жұмысқа орналасып, кәсіби әлеуетін жүзеге асыруына қолдау көрсету.

Орталық қызметі аясында ақпараттық-кеңестік, құқықтық және психологиялық қолдауды қамтитын кең ауқымды қызмет түрін ұсынады. Сонымен қатар, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған оқыту жүргізіледі. Бұл азаматтардың қоғамға тиімді бейімделуіне және өз бетінше өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Орталық қызметінде жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударылады. Мамандар бос жұмыс орындарын іздеуге, жұмысқа орналасуға дайындалуға көмектеседі, сондай-ақ кәсіби жолдың түрлі кезеңдерінде қолдау көрсетеді.

«Ten Qogam» қызметі ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасап, олардың бейімделу деңгейін арттыруға және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Орталық осы бағыттағы жұмысын жалғастырып, Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудың маңызды алаңдарының бірі болып отыр.

Байланыс ақпараты

№ р/н

Аудан

ҮЕҰ атауы/басшысының аты-жөні

Мекенжайы

1

Алатау

«AQ-ALEM» қоғамдық қоры / Бәсірова Ақмарал Меңдіхайырқызы

Нұркент 5 23-26 п,  87051440044

2

Алмалы

«Алмалы ауданы мүгедектер қоғамы» жергілікті қоғамдық бірлестігі / Мананбаева Раушан Темірбекқызы

Жамбыл көшесі, 168а, 87057272416

3

Әуезов

«Сәби тілегі» қоғамдық қоры / Смағұлова Назым Нұрсейітқызы

Тастақ-1 шағынауданы, 3, 87783120051

4

Жетісу

«Сәби тілегі» қоғамдық қоры / Смағұлова Назым Нұрсейітқызы

Серікова көшесі 6а, 87783120051

5

Медеу

«Аяулы халқ» қоғамдық қоры / Әубәкіров Арлан Әділбекұлы

Зенков к-сі 15, +7 8776 111 1120

6

Наурызбай

Bakyttyn zholynda қоғамдық қоры / Байдиіданова Әсем Есқызы

Алма сити 5, Алтын орда 6/10, 87014868832

7

Түрксіб

«Кедергісіз KZ» мүгедектігі бар адамдар қоғамы» қоғамдық бірлестігі / Құлахметова Меруерт Амандыққызы

Рихарда Зорге көшесі 2, 8701 658 6789

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);