Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы тағы бір қараусыз қалған бос жер жайлы...

Алматыдағы тағы бір қараусыз қалған бос жер жайлы қоғамдық кеңістікке айналды

Әлеумет 17.06.2024, 09:56 631
Алматыдағы тағы бір қараусыз қалған бос жер жайлы қоғамдық кеңістікке айналды
almaty-akshamy.kz

Алматының Наурызбай ауданындағы қараусыз қалған аумақта ойын және спорт алаңдары бар заманауи сквер салынды. Жаңа скверге күн сайын 800 ге жуық бала барады

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Алматының  Наурызбай ауданы «Қалқаман шағын ауданындағы көлемі 0,8 га боатын жаңа қоғамдық кеңістікті аралады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұрын бұл учаске қараусыз қалған бос жер болған, ал қазір «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының арқасында  қала тұрғындарының бос уақытын өткізетін әдемі және ыңғайлы кеңістікке айналды.  Күн сайын алаңға 1000 – ға жуық адам келеді, олардың 800-ге жуығы балалар мен жасөспірімдер. 

Келушілерге жайлылы болу үшін 2 мың шаршы метр жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, 17 балалар ойын кешені мен 13 спорттық тренажер орнатылды, баскетбол-волейбол алаңдары, футбол алаңы, теннис үстелдері бар. Сонымен қатар, 400-ден астам жасыл желек отырғызылды, автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды, жаңбыр суын бұру үшін арық жүйесі жабдықталды. 

Қоғамдық кеңістік құрылысының нәтижелерін тексеру барысында Ерболат Досаев жергілікті тұрғындармен әңгімелесті, олар осы жобаны жүзеге асырғаны үшін әкімге алғыстарын білдірді. 

«Жыл сайын біздің ауданда жаңа демалыс алаңдары салынып жатқанына қуаныштымыз. Бұрын бұл учаске қараусыз қалған, мұнда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар  тұратын. Қазір бұл заманауи алаң, барлығы ыңғайлы. Біз мұнда балалармен келеміз, серуендейміз. Жаңа кеңістікте түрлі жастағы адамдар демала алады. Кішкентай балалар үшін тіпті көңілді жер-түрлі ойын кешендері өте көп, олар күндіз-түні осында ойнайды. Мұнда жасөспірімдер мен жастар спортпен шұғылдана алады. Зейнеткерлер де осында демалады. Осы жерде патрульдеуді күшейтуді сұраймыз», - деді Наурызбай ауданының тұрғыны Зәуреш Мұстафаева. 

Өз кезегінде Ерболат Досаев Наурызбай ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнемониторинг жүйесінің (АӨСШК) 600 камерасы орнатылатынын атап өтті. Олардың үшеуі жаңа алаңға орналастырылған. Камералардан бейнематериалдар бірден қала полициясына келіп түседі. 

«Менің тапсырмам бойынша мұнда тағы 4 камера орнатылады. Осылайша, біз тұрғындардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Біз жаңа форматтағы сквер  салдық. Мұнда әртүрлі ойын және  спорт алаңдары, кіші сәулет пішіндері, соның ішінде ағаштан жасалғандар бар. Бірте-бірте біз жергілікті тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жаңа қоғамдық кеңістіктер құрып, жақсартатын боламыз. Мысалы, Біз Қарғалы өзенінің жағасында серуендеу аймағын құруды жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы. 

Айта кетерлігі, «Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) аясында Наурызбай ауданында биыл барлығы 2,5 млрд теңгеге 40 жоба іске асырылатын болады. 

Жалпы Алматыда ағымдағы жылы «ХҚБ» жобасына 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге көп. Қала тұрғындары аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халық қатысатын бюджет #Ерболат Досаев #Спорт алаңдары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.