AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Шаңырақ» қарттары құрметке бөленді

Алматыдағы «Шаңырақ» қарттары құрметке бөленді

Әлеумет 02.10.2024, 10:24 1,369
Алматыдағы «Шаңырақ» қарттары құрметке бөленді
aqshamnews.kz

«Halyk» қайырымдылық қоры Халықаралық қарттар күніне орай Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарайтын «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында мерекелік концерт ұйымдастырды.

Қариялар алдында «Мирас» халықаралық мектебі, Алматы Халықаралық мектебі және «Арыстан» мамандандырылған лицейiнің оқушылары мен ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Медеу Арынбаев пен Сұлушаш Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

«Біз әрдайым үлкенге құрмет көрсетуді естен шығармаймыз. «Қарты бар елдің қазынасы мол» дегендей, бұндай іс-шаралар өскелең жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. "Halyk" қорының қолдауы бұл кісілердің көңіл-күйін көтеріп, өмір сүруге деген құштарлығын, күш-қуатын арттырады деген үміттеміз. Біздің мақсатымыз – қарияларға деген ыстық ықыласымызды, біз әрдайым өздерімен бірге екенімізді білдіру», - дейді Halyk қорының директоры Сағынбек Шүңкеев.

Мереке соңында «Halyk» қайырымдылық қоры көпбалалы аналар мен мүгедектер қауымдастығындағы кәсіпкерлерден 305 жастық пен 305 көрпе сатып алып, орталықтағы қарттарға сыйға тартты.

Айта кетейік, бұл іс-шара «Halyk» қайырымдылық қорының еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұқтаж жандарды қолдауға және халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларының бірі. Аталған қор осы күнге дейін 120-дан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 85 миллиард теңгеге көмек көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар #Құрмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);