AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын...

Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады

Әлеумет 08.03.2023, 18:00 1,192 Аlmaty-akshamy.kz
Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады
сурет:forbes.kz

Әйелдер бизнесі қалай дамып жатыр?


Қазақстандағы ШОБ субьектілерінің 43,5%-ына әйелдер жетекшілік етеді. Ал Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы ӨКП Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының кеңесшісі Әсел Жалғасқызының айтуынша, Алматыдағы ШОБ субьектілерінің тең жартысы әйелдерге тиесілі. Алып мегаполистегі шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс орындарының 31%-ын және Қазақстан жалпы ішкі өнімінің 14,6%-ын бизнестегі әйелдер қамтамасыз етеді. Жалпы, ел бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 43,5%-ын әйелдер басқарады, ал Алматыда бұл көрсеткіш 50%-ға тең.   



«Бүгінде қыз-келіншектер экономиканың барлық дерлік саласында жұмыс істеп, бизнесін өрге дөңгелетіп жүр. Әйтсе де негізгі салалар – сауда, қызмет көрсету, нақтырақ айтқанда, қастан бастап тырнаққа дейін сұлулық индустриясының толық спектрі, қонақүй ісін жүргізу, мектепке дейінгі білім, бастауыш білім беру, сонымен қатар қоғамдық тамақтану бизнесіне ден қойған», - дейді ӨКП Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының кеңесшісі Әсел Жалғасқызы.



Сондай ақ, жылдан-жылға Алматыда бизнестегі әйелдердің үлес салмағы артып келеді. Мәселен, 2021 жылдың соңына қарай басшы әйелдер тіркелген жеке кәсіпкерлік нысандарының саны бір жылда 9,1%-ға, 625,1 мыңға дейін өсті. Олардың жеке кәсіпкерліктегі жалпы санының үлесі де өсті – бір жылда 47,4%-дан 49%-ға дейін артқан.


Биыл еліміздегі танымал банк әйел кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жылдың 5 пайызбен несиелеуге 1 млрд теңге бөлді. Бұдан бөлек «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша кәсіпкерлік негіздерін 1 ай оқып, әрі қарай 400 АЕК көлемінде грант алуға болады.


«Бастау Бизнес» оқуына қатысу үшін business.enbek.kz порталында тіркеліп, оқу шарттарына сәйкестікті автоматты тексеруден және оқу шарттарына сәйкестіктен өтуі керек. Шарттарға сәйкес келген қатысушы skills.enbek.kz  порталына өтіп, оқуға кірісе алады. Биыл бірінші лекке өтінім қабылдау 20 ақпанда басталып, 10 күнге жалғасты. Айта кетелік, Қазақстандағы ШОБ субьектілерінің 43,5%-ына әйелдер жетекшілік етеді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әйелдер бизнесі #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);