AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарғ...

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Алматы 27.03.2026, 17:42 331 Дина
Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Алматыда Сәтбаев көшесін кешенді көркейту жұмыстары басталады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Сәтбаев көшесін кешенді көркейту аясында жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құрылады. Бұл жұмыс Луганский көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі ұзындығы 3,7 шақырым болатын аумақта жүргізіледі. Бұл туралы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба қалалық ортаны қалыптастырудағы заманауи тәсілдер мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып әзірленген. Тұжырымдаманы британиялық LDA Design компаниясы дайындаған.

Жоба аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстары көзделген. Атап айтқанда, ірі жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар, бұталар мен көпжылдық гүлзарлар егіледі. Бұл көшенің тұрақты жасыл қаңқасын қалыптастырып, аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жарықтандыру тіректері жаңартылып, жаңа көріктендіру стандарттарына сай заманауи шағын сәулет нысандары мен арт-нысандар орнатылады.

Жоба аясында жаяу жүргіншілер қозғалысына басымдық берілген жайлы әрі қауіпсіз орта құруға ерекше мән берілген. Ең алдымен, кеңістік жаяу жүргіншілер үшін қолайлы етіп ұйымдастырылады. Сонымен қатар автокөлік қозғалысының да функционалдығы сақталады. Көше серуендеуге, демалуға және күнделікті пайдалануға ыңғайланып, қала тұрғындарының барлық санаты үшін қолжетімділік қағидаттары ескеріледі.

Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, негізгі учаскелерде жүргіншілердің кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етіледі. Алғашқы кезеңде жұмыс Республика алаңында басталып, 1 маусымға дейін аяқталады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Сәтбаев көшесі транзиттік аумақ қана емес, заманауи, жасыл әрі адамға бағытталған қоғамдық кеңістікке айналады. Жаңартылған көше қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды демалыс және серуендеу орнына айналып, Алматының инвестициялық және туристік әлеуетін арттыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);