AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Алматыдағы референдум күнінің алғашқы жартысы: қаһ...

Алматыдағы референдум күнінің алғашқы жартысы: қаһармандар, ұлттық киімдер және ұзын бойлы қуыршақтар

Референдум 15.03.2026, 12:16 306 Сұлу
Алматыдағы референдум күнінің алғашқы жартысы: қаһармандар, ұлттық киімдер және ұзын бойлы қуыршақтар
Видео кадры

Бүгін республикалық референдум күні Алматы тұрғындарының белсенділігі жоғары деңгейде байқалып отыр. Кейбір референдум учаскелерінде таңнан бастап дауыс беруге келген қала тұрғындарының кезегі қалыптасты. Отбасылар, достар және әріптестер бірге келіп, таңдауын жасап жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

С. А. Қожықов атындағы №39 лицейде орналасқан №93 учаске ашылған сәттен бастап алғашқы сайлаушыларды қабылдады. Ал №109 учаскеде дауыс беру үдерісі тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

«Шин Лайн» компаниясының қызметкерлері де референдумға бүкіл ұжым болып келіп, азаматтық ұстаным білдірді.

Қаладағы учаскелерде мерекелік көңіл күй де байқалады. Қалқаман және Қарағайлы шағынаудандарындағы учаскелерде ұйғыр диаспорасының өкілдері ұлттық киім киіп келіп дауыс беріп, айналасындағылардың назарын аударып, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Ал №239 учаскеде дауыс беру барысында суперқаһармандар — Супермен, Темір адам, Капитан Америка және Джокер «қатысса», №175 учаскеде келушілерді «Бүркіт» бейнесіндегі ұзын бойлы қуыршақ қарсы алды.

Жалпы, Алматы қаласында референдум өткізу үшін 653 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру күні бойы жалғасады. Өз учаскеңіздің мекенжайын білу және сайлаушылар тізіміне енгізілгеніңізді тексеру үшін 1308 Call-орталығына хабарласуға, қала әкімдігінің ресми сайтына, Open Almaty сервисіне немесе Telegram ботқа жүгінуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);