AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы қалалық жастар фестивалінде қалдықтарды...

Алматыдағы қалалық жастар фестивалінде қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды

Алматы 13.08.2026, 16:57 270
Алматыдағы қалалық жастар фестивалінде қалдықтарды бөлек жинау ұйымдастырылды
Алматы әкімдігі

Алматыда ALMA LOVE 2026 жастар фестивалі аясында экологиялық акция өтті. Қорытынды концерт кезінде фестиваль алаңында «Эко-Трак» жұмыс істеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл Алматыдағы ECO Network және «Эко-Хаб» жобаларының негізін қалаушы Евгений Мухамеджановтың бастамасымен құрылған, қаладағы алғашқы жылжымалы интерактивті экологиялық зертхана. Жоба бөлек жиналған қалдықтарды қабылдауды экологиялық ағартумен ұштастырады. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Акцияға қатысушыларға қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің қалай жұмыс істейтіні іс жүзінде көрсетілді: қалдықтар фракциялар бойынша сұрыпталды, ал пластик қақпақтар арнайы шредерде ұсақталып, кейін қайта өңдеуге жіберілетін шикізатқа айналдырылды.

Алайда экологиялық бастама концерт аяқталғаннан кейін де жалғасты. Қонақтар мен қатысушылардан аумақты жинап, артынан қоқыс қалдырмау — мыңдаған адам жаңа ғана пайдаланған кеңістіктің тазалығын сақтау сұралды.

ALMA LOVE 2026 — Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған қалалық жастар фестивалі. Он күн ішінде фестиваль Алматының 20 мыңнан астам жастарын біріктіріп, мәдениет, білім беру, спорт, экология және қоғамдық бағыттар бойынша 50-ден астам іс-шараны қамтыды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);