Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтар көк түсп...

Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтар көк түспен белгіленеді

Әлеумет 05.12.2023, 10:24 1,169
Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтар көк түспен белгіленеді
Сурет: ашық дереккөз

Жол белгілерін салуға 17,7 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр.


Алматы қаласындағы жол бойындағы коммуналдық ашық және жабық автотұрақтар енді жеке автотұрақтардан ерекшеленіп, көк түспен белгіленеді. Бұл туралы Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы ережелеріне енгізілетін өзгерістерден белгілі болды. Көк түсті жол белгілерін салуға қала бюджетінен 17,7 млн теңге жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Жобада, сондай-ақ бұған дейін белгілі болғандай, электронды төлем терминалдарының алынып тасталатыны жазылған. Оған себеп – қазіргі таңда төлемдердің 98 пайызы банктік аударым арқылы жүзеге асырылатыны



"QR код сканері барлық смартфондарға орнатылған, сондықтан QR коды қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың ең қолжетімді, ыңғайлы және жылдам құралдарының біріне айналды, өйткені QR код арқылы төлеу карта төлемдерін қосымша құралдарсыз қабылдаудан ерекшеленеді. Өз кезегінде электронды терминалдарды ұстау, электронды терминалдардан ақша жинау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қосымша қаржылық шығындарды талап етеді", – делінген жобаның түсіндірме жазбасында. 



Есесіне, коммуналдық ақылы автотұрақ орналасқан жол бойына бос орындар санын көрсететін электрондық құрылғылар орнатылуы мүмкін. 


Еске салайық, Алматы қаласының автотұрақтары меншік түріне байланысты коммуналдық және жеке болып бөлінеді:


коммуналдық автотұрақ – нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану үшін Алматы қаласының коммуналдық меншігіндегі уәкілетті орган ұйымдастырған және заңнамамен белгіленген тәртіпте пайдалануға беруші ұйымның басқаруына берілген автотұрақ;


жеке меншік автотұрақ – нысаналы мақсатына сәйкес жерді пайдалану құқығына не жер телімінің меншік құқығына ие мемлекеттік емес заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ұйымдастырған автотұрақ.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #көлік #Автотұрақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.