AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Алматыдағы жұқпалы ауруханалар науқасқа толы

Алматыдағы жұқпалы ауруханалар науқасқа толы

Коронавирус 29.09.2021, 12:00 1,436
Алматыдағы жұқпалы ауруханалар науқасқа толы
Сурет: Inbusiness.kz

Алматыда 29 ковидті ауруханада 1788 адам бар


Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Л. Мырзағали Алматыда 29 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 167 710 науқас тіркелгенін хабарлады. Соның ішінде аурудың белгілері бар 145 009 адам, симптомсыз 22 701 науқас, 2372 анықталмаған пневмония. 



«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 426 науқас тіркелді. Соның ішінде 408 ауру белгілері бар және 18 белгілері жоқ. Тәуліктік өсім 0,2% болды. Сонымен қатар, жұқтырғандардың 89-ы зейнеткерлер, 57-сі мектеп оқушылары, 9-ы студенттер, екеуі балабақшаға баратын балалар, тағы 20-сы ұйымдастырылмаған балалар», - деді Л. Мырзағали. 



ҚДБ өкілі аурудың төмендеуіне қарамастан, қауіпті індеттің әлі сейілмегенін атап өтті. Себебі жұқпалы аурулар ауруханалары әлі де науқасқа толы.  Бүгінгі күні 1788 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 53 бала. Пациенттердің 71-і өте ауыр, 855-і ауыр, 862-сі орташа ауыр. Қалада барлығы 5 230 төсек-орын орналастырылған. 



«Реанимация бөлімінде 179 алматылық бар, тағы 35 адам вентиляторға қосылған, 86 адам инвазивті емес желдеткіште, 51 адам жоғары ағынды қондырғыларға қосылған», - деп жалғастырды Л. Мырзағали.



Бүгінде 4448 пациент АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында үйде жатыр, олардың 159-ы симптомсыз, 4190-ы жеңіл, 99-ы орташа ауырлықта.  Науқастардың жалпы санынан 598-ы - жұқпалы аурулар ауруханасынан әрі қарай бақылау және оқшаулау үшін шығарылған азаматтар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ковид #аурухана #стационар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);