ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы ЖЭО-2 жаңғырғанда зиян қалдық 13 есе тө...

Алматыдағы ЖЭО-2 жаңғырғанда зиян қалдық 13 есе төмендемек

Алматы 11.12.2025, 16:27 347
Алматыдағы ЖЭО-2 жаңғырғанда зиян қалдық 13 есе төмендемек
depositphotos.com
Алматыда өнеркәсіптің ауаны ластауын азайтатын ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр: келер жылдың соңына дейін бітетін ЖЭО-2 жаңғырту жұмысы шығатын зиянды заттардың көлемін 13 есе қысқартуға...

Алматыда өнеркәсіптің ауаны ластауын азайтатын ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр: келер жылдың соңына дейін бітетін ЖЭО-2 жаңғырту жұмысы шығатын зиянды заттардың көлемін 13 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Экология департаменті басшысының орынбасары Алмат Әлқожа осылай деді.

Алмат Әлқожаның айтуынша, Алматы – халық тығыз орналасқан еліміздегі ең үлкен қала, мұнда өнеркәсіп, ғылым мен мәдениет бір кеңістікте топтасқан. Сондықтан экологиялық ақпараттың ашықтығы және мемлекет, бизнес пен қоғам арасында тиімді ынтымақтастық жасау – экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты дамудың негізгі шарты болып қала бермек.

Департаменттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды күшейтіп келе жатқанын да атап өтті. Ірі табиғат пайдаланушылар шығарындыларды автоматты түрде бақылау жүйелерін енгізуге міндетті, бұл жүйе ластайтын заттар жөніндегі деректерді дәл сол уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Біраз кәсіпорын ол жүйеге қосылып үлгерген, әлі де енгізіп жатқандары бар. 
 
Мекеме тексеруге, экологиялық талаптың сақталуын талдап, зиянды заттары азайтып, қалдықтармен жұмыс сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Алматының экологиялық мәселелерін кешенді шешуге арналған бекітілген Жол картасы ЖЭО-2 нысанын келер жылдың соңына дейін жаңғыртпақ ойда. Бұл – атмосфералық жүктемені айтарлықтай азайтатын негізгі шаруа.

Әлқожа біраз кәсіпорынның экологияға жауаптылықты күшейтіп, бастама көтеріп жатқанын айтты: олар таза отынға көшіп, қуаттың тиімділігін арттырып, ішкі экологиялық стандартын жақсартып жатыр. Дегенмен, ескірген жабдықты жаңарту, жүктеме көп кезде зиянның еселенуі, бақылау деректерін уақтылы беру мен  экологиялық мәдениетті арттыру қажеттілігі сияқты жүйелі шешімді талап ететін мәселелер әлі де бар. 

Брифинг қорытындысында Әлқожа ашық диалог пен бірлескен шешімдер кәсіпорындардың қоршаған ортаға теріс әсерін тиімді азайтуға әрі Алматының экологиялық саясатын нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.