AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Жанұя» кешені жаңартылады

Алматыдағы «Жанұя» кешені жаңартылады

Әлеумет 11.10.2024, 17:48 956 Ернұр РЫСБАЙ
Алматыдағы «Жанұя» кешені жаңартылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шаһарымызда «Жанұя» мамандандырылған кешені жетім балаларға қолдау көрсетіп, қамқорлық жасап келеді. Ал, жақын арада жаңа, заманауи ғимаратқа көшетін болады. «BI Group» құрылыс компаниясы бизнестің өз қаржысы үшін әлеуметтік жауапкершілік аясында ескі ғимаратты бұзып, жаңа заманауи кешен салуды жоспарлаған болатын.

–Нысан әлемдік стандарттарға сай болады. Біз балалар үшін барлық қажетті жағдайларды жасаймыз. Бұл заманауи әрі қауіпсіз кеңістік болады, онда балалар жан-жақты қолдау тауып, дамуға мүмкіндік алады. Құрылыс толықтай бюджеттен тыс қаржыландырылады, яғни құрылыс салушының қаражаты есебінен. Жобаның шамамен құны 5 миллиард теңгені құрап отыр. Біз жаңа ғимарат жетім балалардың болашағы үшін маңызды қадам болатынына сенімдіміз, оларға толыққанды өмір сүріп, білім алуға мүмкіндік береді, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

«Жанұя» МК 2006 жылдан бастап жұмыс істейді, ол жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйін, 4 жастан 18 жасқа дейінгі зияткерлік кемістігі бар балаларға арналған түзету мектеп-интернатын қамтиды. Жаңа ғимараттың құрылысы келесі жылы аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы «Жанұя» МК қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рафаэль Гасанов айта кетті.

–Біз жаңа кампустардың құрылысын 2025 жылдың тамызына дейін аяқтауды мақсат етіп отырмыз. Біздің міндетіміз – қыркүйек айында балалар жаңа ғимаратқа көшіп, ыңғайлы жағдайда жаңа өмір бастауы үшін барлық жағдайды жасау. Бүгінгі күнге дейін «Жанұя» кешенінде 420 бала тұрып, білім алды, олардың кейбірі қазіргі уақытта арнайы интернатта, ал басқалары қалалық мектептерде оқуда, - деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жанұя #бала #ата-ана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);