ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Алматыдағы инфекциялық стационарлар заманауи қонды...

Алматыдағы инфекциялық стационарлар заманауи қондырғылармен 100% жабдықталған

Медицина 25.06.2021, 11:56 1,838
Алматыдағы инфекциялық стационарлар заманауи қондырғылармен 100% жабдықталған
Сурет: Сis.minsk.by
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға жергілікті бюджеттен 43,1 млрд теңге бөлінді.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп, қаланың денсаулық сақтау жүйесін жаңарту туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2021 жылға жабдық сатып алуға жергілікті бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінді. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімдері 100% жабдықталды», - деді Бақытжан Сағынтаев.



2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет есебінен Алматы қаласында медициналық ұйымдардың жансақтау бөлімін қайта жабдықтау жүзеге асырылды.


Мәселен, 2020 жылы республикалық бюджет есебінен 562,1 млн теңгеге 94 дана медициналық құрал-жабдықтар (бұйымдар) – ӨЖЖ аппараты мен оттегі ингаляторлары, қашықтық тепловизолары және басқалары сатып алынды.



ӨЖЖ 285аппараты, High Flow оттегі жоғары ағымды терапиясы 250 аппараты, 1050 бірліктегі оттегі концентраторы, 47 рентген аппараты, 52 ультрадыбыстық аппарат сатып алынды.



Жедел жәрдем қызметінің паркі жаңартылды – реанимациялық жабдықтары бар 135 арнайы көлік сатып алынды.


4,8 млрд теңгеге 6 оттегі станциясы, 6,3 млрд теңгеге 10 қалалық ауруханада газ құю компрессорлық станциялары орнатылды.


2021 жылдың 9-13 сәуірі аралығында Дүниежүзілік банктен 45 ӨЖЖ аппараты алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.