AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Яссауи көшесінде асфальт опырылды: әкім...

Алматыдағы Яссауи көшесінде асфальт опырылды: әкімдік пікір білдірді

Барлығы 17.09.2025, 12:10 688
Алматыдағы Яссауи көшесінде асфальт опырылды: әкімдік пікір білдірді
depositphotos.com

Алматы әкімдігі Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

17 қыркүйекте таңертең Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысында жол жабынының шамамен 100 шаршы метр аумақтағы бөлігі опырылды. Бұған дейін "Спецкоммунстрой" мердігер ұйымы ұзындығы 2,8 шақырым болатын кәріз желілерін салу жұмыстарын атқарған болатын.

"Жүргізілген тексеру барысында нөсер жауын кезінде абоненттік желілер траншеяларының шайылуы және топырақ негізінің жұмсаруы анықталды. Соның салдарынан жол жабындысында ойық пайда болып, асфальт бұзылған. Қазір жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі – 18 қыркүйек.

Бұл жобаның техникалық қадағалау қызметі жұмыстардың Құрылыс нормалары мен ережелері жобалық талаптарға сәйкес орындалғанын хабарлады.

"Қазір себептерді анықтау мақсатында қосымша тексеру жүргізіліп жатыр. Яссауи көшесіндегі асфальт жабынының ойылу себептерін нақтылау үшін Қалалық құрылыс бақылау басқармасына сұраухат жолданды. Себебі топырақтың дұрыс нығыздалмауы ықтимал нұсқа ретінде қарастырылып отыр. Оның нақты себебі тексеру нәтижесінде белгілі болады", - деді Алматы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ильзат Акчурин. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #яссауи #асфальт #опырылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);