Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Халықтың бюджетке қатысуға берілген өті...

Алматыдағы Халықтың бюджетке қатысуға берілген өтініштердің саны 33 пайызға өсті

Әлеумет 21.07.2022, 08:06 1,002
Алматыдағы Халықтың бюджетке қатысуға берілген өтініштердің саны 33 пайызға өсті
Сурет: Kaztag.kz
Тұрғындардан өтініш қабылдау 20 шілдеде аяқталды.

Тұрғындардан өтініш қабылдау 20 шілдеде аяқталды.


 «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасына өтініш қабылдау кезеңі аяқталды.  Биыл қала тұрғындарынан 1251 жобалық ұсыныс түсті.  Өткен жылмен салыстырғанда келіп түскен өтініштердің саны 33 пайызға көбейген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


2019 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет «Халықтың бюджетке қатысуы» пилоттық жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Мұндағы мақсат – тұрғындардың өз ұсыныстары мен бастамалары негізінде қала аудандарын абаттандыру. 2019 жылы Алматы тұрғындарынан 333 ұсыныс, 2020 жылы 795 өтініш түскен. 2021 жылы алматылықтар 934 ұсыныс жіберді. 


Осы жылдың 1 маусымында Алматыда «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы аясында  2023 жылы жүзеге асырылуы жоспарланған жобалық ұсыныстарға өтініш қабылдау басталған болатын. Тұрғындардан өтініш қабылдау 20 шілдеде аяқталды. Өтініш беру бойынша көшбасшылар: Алатау ауданы (204) және  Алмалы (171) аудандары.


Алматы қаласының аудандары бойынша жобалық ұсыныстардың саны:





























































№



Аудан



Саны



1



Алатау ауданы



204



2



Алмалы ауданы



171



3



Әуезов ауданы



163



4



Бостандық ауданы



165



5



Жетісу ауданы



127



6



Медеу ауданы



128



7



Наурызбай ауданы



129



8



Түрксіб ауданы



164



Жалпы қорытынды



1251



 



 



 



Тұрғындардан аулалар мен қоғамдық пайдалану орындарын абаттандыру бойынша ұсыныстар көп түсті. Олардың ішінде спорт және балалар алаңдарын орнату-371, күркелер мен орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнату және жөндеу – 324. Одан кейін саябақтар мен гүлзарларды жасауға, жөндеуге, көше жарығын орнатуға, тротуарлар салуға, көгалдандыру мен қоқыс тастайтын жерлерді жоюға бағытталған жобалар қамтылған. 


Қазір бағдарламаның 2 кезеңі басталды. 21 шілде мен 12 тамыз аралығында сарапшылар кеңесі өтінітердің критерийлерге сәйкестігін бағалауды және алдын ала рұқсат беру хаттамасын жариялауды жүргізетін болады. Жобалық ұсыныстарды пысықтау үшін авторларға 10 күнтізбелік күн беріледі. Келіп түскен өтінімдер сараптамалық іріктеуден және жалпы қалалық дауыс беруден кейін 2023 жылы іске асырылатын болады. Толығырақ ақпарат жобаның сайтында https://budget.open-almaty.kz.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,454 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,266 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,344 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,989 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,188 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.