AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Алматыдағы этномәдени бірлестіктің өкілдері қазақс...

Алматыдағы этномәдени бірлестіктің өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Алматы құшағында 17.03.2026, 09:28 329 yakiya
Алматыдағы этномәдени бірлестіктің өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Алматыда қаладағы этномәдени бірлестіктің өкілдері тұрғындарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олар бұл көктем мерекесі жаңарудың, бірлік пен диаспоралар арасындағы сыйластықтың символы екенін атап өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматы қаласындағы «Вайнах» шешен этномәдени орталығының төрағасы Рахман Исламов мереке қарсаңында елге бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

«Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін. Еліміз дамып, өркендей берсін, қоғамымызда әрдайым келісім мен достық салтанат құрсын», — дейді Рахман Абдумуслимұлы.

Құттықтауға «Алматы қалалық ұйғыр мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Осман Убулов та қосылды. Ол бұл күнді ұлтты ұйыстыра түсетін, қазақстандықтарға ең жақын мереке екенін айтады.

«Бұл жыл баршамызға қызықты, берекелі болсын. Жыл бойы бейбітшілік пен амандықта өмір сүрейік. Аспанымыз ашық, әр үйде бақыт пен береке болсын. Еліміз өркендей берсін», — дейді Осман Тұрсынұлы өз құттықтауында.

Сондай-ақ ол Наурыз мерекесі Қазақстандағы түрлі халықтар мен мәдениеттерді біріктіріп, достық пенқұрметті нығайтатынын атап өтті.

Этномәдени бірлестіктің өкілдері 21 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Ынтымақ күні — Бірлік күнін атап өтпек. Бұл күн Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты нығайтуға арналған.

Олардың айтуынша, Наурыз әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіріп, дәстүрді қайта жаңғыртып, оны қайта қолданысқа енгізуге сеп болатын мереке екен.
Диаспора өкілдері Қазақстан әрдайым ұлтаралық татулықпен танылғанын, мұндай мерекелер осы құндылықтарды нығайта түсетінін айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);