ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауы қалай көркейт...

Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауы қалай көркейтілетіні айтылды

Алматы 23.07.2025, 09:45 634
Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауы қалай көркейтілетіні айтылды
Алматы әкімдігі
Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауы қалай көркейтілетіні айтылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Есентай өзенінің жағалауы қалай көркейтілетіні айтылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматы әкімдігі елдегі ірі құрылыс компанияларының бірі – BI Group компаниясын Есентай өзенінің бойын абаттандыру бойынша ауқымды жобаға тартты. Келісімге сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында BI Group компаниясы бұл жобаны жүзеге асыруға 11 миллиард теңгеден астам қаржы құйып, өзен арнасы бойындағы әл-Фараби даңғылынан бастап Рысқұлов даңғылына дейінгі 7,2 шақырымдық аумақты ретке келтірмек.

Жобаның мақсаты - қаланың жоғарғы және төменгі бөлігін біріктіретін заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алғашқы кезең – әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі учаскеде абаттандыру жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

Жоба аясында өзен жағалауында жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдары, жаңа саябақтар мен демалыс орындары салынады. Заманауи қала кеңістігіне сай, орындықтар мен көгалдандыру элементтері орнатылады. Сонымен қатар, аумақ мақсатты бағыттар бойынша жүйеленіп, жастар мен студенттерге арналған, мәдени және белсенді демалыс аймақтары, сондай-ақ тыныш демалысқа арналған тынығу орындары қамтылады.

Сарапшылардың пікірінше, Есентай өзенінің бойындағы аймақ ерекше әлеуетке ие. Өзен арнасы жасыл белдеулерді, тұрғын үй кешендерін, студенттік кампустарды кесіп өтеді әрі мәдени-спорттық нысандарға жақын орналасқан. Арна бойындағы бос жатқан жерлер қосымша көгалдандыру мен жаңа скверлер жасауға мүмкіндік беріп, қаланың демалыс пен туризм тұрғысынан тартымдылығын арттыра түседі.

Алматы әкімдігі қала кеңістігін дамыту және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік жауапты бизнесті тарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.