AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы емдеу мекемелеріне 1,8 млрд теңге айыпп...

Алматыдағы емдеу мекемелеріне 1,8 млрд теңге айыппұл салынды

Әлеумет 15.02.2022, 10:15 1,664
Алматыдағы емдеу мекемелеріне 1,8 млрд теңге айыппұл салынды
Сурет: 24.kz.

Себебі аталмыш мекемелер кемшілік жіберген.


Медициналық сақтандыру қоры 2021 жылы Алматы тұрғындарына көрсетілген тегін медициналық көмек сапасын бақылау жұмыстарының нәтижесін қорытындылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Мониторинг нәтижесінде Алматы қаласы бойынша 75 мың қызмет түрлі кемшіліктермен көрсетілгені анықталды. Осыған байланысты қаладағы емдеу мекемелеріне 1,8 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл мәліметті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы бөлімшесі ұсынды.


МСҚ Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаевтың сөзіне сүйенсек, кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары жол берген. Емханалар көрсеткен қызметтен 60 мың кемшілік анықталып, 194,6 млн теңге қайтарып алынды. 


Сонымен қатар, ақаумен көрсетілген 15 мың қызмет стационарлар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Олар аталған кемшіліктер үшін 1,6 млрд теңге айыппұл төледі.



«Мониторинг барысында анықталған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгіленген стандарттардан ауытқу, медициналық құжаттарды дұрыс толтырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға саяды. Сонымен қатар, «көрсетілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мәнінде көрсетілгенін растай алмаған клиникалар да бар», - деді Тілеухан Әбілдаев. 



Естеріңізге сала кетсек, қор сарапшылары халыққа көрсетілген қызмет сапасын тұрақты бақылап отырады.


Көрсетілген қызмет ақысы да жан-жақты тексеруден кейін төленеді.


Қайтарып алынған қаражат медициналық көмектің өзге түрлеріне жұмсалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #штраф #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);