ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы барлық 860 мектепке дейінгі ұйым өз жұм...

Алматыдағы барлық 860 мектепке дейінгі ұйым өз жұмысын қайта бастады

Әлеумет 24.01.2022, 05:34 1,083
Алматыдағы барлық 860 мектепке дейінгі ұйым өз жұмысын қайта бастады
astana.gov.kz
Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Қазіргі уақытта 71 мыңнан астам баланы қамтитын 860 мектепке дейінгі ұйым - 190 мемлекеттік және 670 жеке меншік ұйым 20 қаңтардан бастап штаттық режимде өз жұмысын қайта бастады. Балабақшаларға 47 255 бала барады (мемлекеттік - 21 337, жеке - 25 918).



Әкім орынбасарының айтуынша, білім басқармасы күн сайын балалардың келуіне және балабақшаларда санитарлық талаптарды қамтамасыз етуге мониторинг жүргізуде.


24 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ағымдағы жылғы 21 қаңтардағы қаулысына сәйкес, контингенті 302 мыңнан астам оқушысы бар 295 мектептің (207 мемлекеттік, 88 жеке) оқушылары аралас форматта оқуға кірісті.:


- 600 оқушыға дейін контингенті бар 1-4 сыныптарда, 115 мектепте (32 мемлекеттік, 83 жеке) - штаттық режимде оқыту;


- контингенті 600 оқушыдан асатын 180 мектепте (175 мемлекеттік, 5 жеке меншік) - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта.


Бұдан басқа, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 6 ұйымның 354 тәрбиеленушісі штаттық режимде оқитын болады.


Мектептерде санитарлық талаптардың сақталуы ерекше бақылауда, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



24 қаңтардан бастап 83 колледждің 73 719 студенті (23 мемлекеттік, 60 жеке меншік) оқуды бастады. Олар үшін оқытудың аралас форматы қарастырылған: практикалық сабақтар икемді кесте бойынша офлайн, дәрістік сабақтар онлайн режимде өткізіледі.


Осындай форматта 24 мыңнан астам оқушыны қамти отырып, 23 қосымша білім беру ұйымы өз жұмысын жалғастыруда.



Кері байланысты қамтамасыз ету үшін білім басқармасында, аудандық білім бөлімдерінде және әр білім беру ұйымында Call-орталықтар жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.