AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы балалар колониясында танымдық кеш өтті

Алматыдағы балалар колониясында танымдық кеш өтті

Әлеумет 02.07.2026, 11:25 386
Алматыдағы балалар колониясында танымдық кеш өтті

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде алда келе жатқан Ұлттық домбыра және 6 шілде – Астана күні аталып өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараны мегаполистегі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Санжар Сейсенбаев пен Рақым Мұхамедәли ұйымдастырды.

"№11 мекемеде істі болып, жазасын өтеп жатқан жасөсіпірімдерге осындай бағыттағы іс-шараларды, кештерді жиі өткізіп тұрамыз. Себебі, олар бас бостандығынан айырылғанымен, жақсы дүниелерден, адами құндылықтардан әрдайым хабардар болып отыруға тиіс. Біз олардың әр күнінің сапалы, мағыналы өтуіне күш саламыз. Осындай кештер олардың қатарынан қалмай, қоғамға дұрыс азамат болып оралуына септігін тигізері сөзсіз", – дейді балалар колониясының тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Бағдат Талапбаев.

Іс-шара барысында кітапханашылар балаларға Астана қаласы туралы мол мағлұмат беретін кітап көрмесін ұсынды. Еліміздің бас қаласының қалыптасып, даму жолы туралы баяндап берді. Жасөспірімдер Елорда туралы қызықты викториналық сұрақтарға да белсене қатысты.

Қазақтың қоңыр үнді домбырасы туралы да қызықты деректер айтылды. Көнеден жеткен ән-күйлердің тарихы да баяндалды.

Іс-шараға белсене қатысқан балаларға сыйлыққа кітаптар ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапханашылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);