AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы балалар колониясында кітапқұмар жасөспі...

Алматыдағы балалар колониясында кітапқұмар жасөспірім көп

Алматы 07.09.2026, 16:52 266
Алматыдағы балалар колониясында кітапқұмар жасөспірім көп

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде «Кітап оқуға құштарлық» атты шектеусіз оқу жобасы аясында танымдық басқосу өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оған Жамбыл атындағы қалалық жасөпірімдер кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Жұмахан Нұрлыхан және Шарайна Құмарова, мекемедегі жалпы білім беретін мектептің тіл маманы А.Алиева қатысты.

Танымдық кездесуде он төрт жазалы жасөпірім өздері оқыған әр шығарманың мазмұнын, оның берер тағылымын, үлгі болар тұсын әңгімелеп берді.

Олардың поэзия кітабындағы жырды мәнерлеп, нақышына келтіре оқуынан, прозалық туындыдағы көркем сөйлемдерді беріле, әсерлі әңгімелеуінен шығармаларды қызыға оқығандары, сол арқылы көңілдеріне медеу, жандарына сая тапқандары сезілді.

Іс-шара барысында ұлы Абайдың, Бердібек Соқпақбаевтың, Асқар Сүлейменовтің, Мұхтар Әуезов шығармалары талданды.

Бізді бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесінде отырған жасөспірімдердің сыртқы әлемнен уақытша қол үзгенімен, жақсылыққа ұмтылып, кітап оқып, ондағы кейіпкерлерді өздеріне үлгі тұтуы қуантты.

– Жасөспірімдерді көркем әдебиет оқуға шақыратын мұндай іс-шараларға біздің балалар жиі атсалысып тұрады. Олардың терең білім алуына, ой-санасының кемелденуіне, тіл байлығының молаюына, әдеби шығармалардан нәр алуына жиі мүмкіндік жасаймыз. Уақыттарының да тиімді, мағыналы өтуі үшін осындай іс-шаралар ауадай қажет, – деді №11 мекемесі САӘПТЖБ бастығының міндетін атқарушы әділет майоры Мият Қанатов.

Әрине, кеш соңында кітапқұмар балаларға сый-сияпат ұсынылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап оқуға құштарлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);