AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы балалар колониясында сенбілік өтті

Алматыдағы балалар колониясында сенбілік өтті

Барлығы 25.04.2025, 14:12 777 dulatbekova
Алматыдағы балалар колониясында сенбілік өтті
Сурет: Polisia.kz

Алматыдағы №11 балалар колониясында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемеде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында 27 сәуір – "Жасыл аймақ" күніне орай сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – мекеме аумағын абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық сана қалыптастыру. Сенбілік жұмыстары мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бастамасымен өтті. Мекеменің жеке құрам қызметкерлері ғимараттың ішкі және сыртқы аумағын тазалап, ағаш түптерін әктеп, гүлзарларға сәндік гүлдер отырғызды. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары аясында ағаш көшеттері егіліп, мекеме аумағы экологиялық талаптарға сай абаттандырылды. Мекеме бастығы Алмат Сүлейменов сенбілікке қатысушыларға арнаған сөзінде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

– Әсем қаламыз Алматының тазалығын сақтау – баршаға ортақ іс. Әр тұрғын осындай сенбіліктерге белсенді қатысып, игі іске үлес қосса, қаламыз көркейіп, экологиялық жағдай да жақсара түседі. "Таза Қазақстан" акциясы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сәуір айынан бастау алды. Бұл – қалалар мен ауылдық елдімекендерді тазарту, абаттандыру және көгалдандыруға бағытталған кең ауқымды экологиялық шара. Баршаңызды осындай ізгі бастамаларға белсенді қатысуға шақырамын, – деді Алмат Сүлейменов.

Мұндай сенбіліктер – тек тазалық шарасы ғана емес, ұжымдық рухты арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелейтін маңызды іс-шаралар. Акция жалғасын табады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Таза Қазақстан #Экология #сенбілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);