AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы Әуезов ауданында 30 мың шаршы метр жол...

Алматыдағы Әуезов ауданында 30 мың шаршы метр жол жөнделеді

Барлығы 03.07.2025, 14:00 594 Сұлу
Алматыдағы Әуезов ауданында 30 мың шаршы метр жол жөнделеді
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр.

Бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, көлік қолжетімділігін арттыруға және көшелердегі тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында аудан әкімі Абзал Егембердиев мәлімдеді.

Биыл 20 мың шаршы метр жол ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 10 мың шаршы метр техникалық тротуар төселді, сондай-ақ 5 шақырым арық желісі салынды.

Қоғамдық көлік сапасын арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылы автобус паркі айтарлықтай жаңартылып, көлік саны 1 325-тен 1 563-ке дейін көбейді. Бұл 8 жаңа маршрут ашуға, 13 қолданыстағы бағытты жаңартып, күшейтуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде ауданның әртүрлі бөліктерінде қоғамдық көліктің тұрақтылығы мен қолжетімділігі айтарлықтай артты.

Сонымен қатар, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары да қатар жүргізілуде. 2024 жылы аудан аумағына 153 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені мен 1 027 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл жол қозғалысын бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтар санын азайтуға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік берді.

Осылайша, Әуезов ауданы қалалық ортаны кешенді жаңартуға батыл қадам жасап келеді. Көлік және инженерлік инфрақұрылымды, қауіпсіздік жүйелерін және қоғамдық көлікті ауқымды түрде дамыту – жайлы әрі сапалы қалалық өмірдің жаңа деңгейін қалыптастырып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әуезов ауданы #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);