ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы Астана алаңында Жаңа жылға арналған ауқ...

Алматыдағы Астана алаңында Жаңа жылға арналған ауқымды шоу өтеді

Алматы 31.12.2025, 17:32 233
Алматыдағы Астана алаңында Жаңа жылға арналған ауқымды шоу өтеді
Алматы әкімдігі
Алматының ең танымал орындарының бірі – Астана алаңында басты жаңажылдық концертке дайындық аяқталуға жақын. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының өнер көрсетуі үшін заманауи сахна орнатылып, кәсіби...

Алматының ең танымал орындарының бірі – Астана алаңында басты жаңажылдық концертке дайындық аяқталуға жақын. Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының өнер көрсетуі үшін заманауи сахна орнатылып, кәсіби дыбыс және жарық жүйелері толықтай әзірленді.

Сағат 18:00-ден бастап алматылықтар мен қала қонақтарына отандық өнер иелері мерекелік көңіл күй сыйлайды. Сахнада Мақпал Исабекова, Әлішер Кәрімов, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Дәулет Жанболат, Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаил, Бақыт Шадаева, Абай Бегей, Тахмина Әшімбекова, Інжу Әнуарбек, Әбік Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі өнер көрсетеді. Сонымен қатар Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Muzart Life топтары да концерттің көркін қыздырмақ.

Концерт бағдарламасының ерекше бөлігі DJ BATTLE болмақ. Батл барысында диджейлер жаңажылдық әуендер мен танымал хиттердің заманауи өңделген авторлық микстерін ұсынып, кешке айрықша серпін мен мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Астана алаңы концерт басталмай тұрып-ақ халыққа лық тола бастады.
– Біз мерекені асыға күтіп отырмыз, отбасымызбен бірге жаңажылдық концертті тамашалауға келдік. Егер кешті Аяз ата мен Ақшақар ашса, тіпті тамаша болар еді, – дейді Рахметовтер отбасының өкілдері. Анасы Балжан Ақтаудан келген, ал оны қызы Айнұр екі баласымен бірге ертіп жүр. Олар алаңға алдын ала келіп үлгерген.

Алматыдағы басты жаңажылдық шоуда қазақстандық артистердің өнер көрсетуі 1 қаңтар күні сағат 00:30-да мәресіне жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.