Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне ар...

Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Әлеумет 15.12.2024, 12:45 1,053
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында өткен шара ынтымақ пен патриотизмнің жарқын көрінісі болды.

Білім ордасының бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, оның әрбір қазақстандық үшін маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

– Тәуелсіздік күні баршамызды еліміздің жетістіктерін сақтауға және нығайтуға ұмтылдырады. Борышқа адал, тәртіпті және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын, – деді ол.

Генерал-майор Нұртас Қабақов жыл қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздарына грамоталар табыс етіп, алғыс жариялады. Оқуда және жауынгерлік даярлықта жетістіктері бар курсанттарға "кіші сержант" әскери атағы берілді.

 Алматы қаласындағы № 1 Оқушылар үйінің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орнының жеке құрамына концерт қойды. Жас әртістер жауынгерлерді басты құндылықтар – Қазақстан халқының бостандығы, бірлігі мен дәстүрлері туралы еске салатын жарқын қойылымдармен қуантты.

Оларға оқу орнының аумағына арнайы экскурсия ұйымдастырылды, оқушылар ЖОО-ның ерекшеліктерімен және әскерилердің қызметімен танысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әскери институты #Тәуелсіздік күні #салтанатты жиын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.